Хабарландыпу

 

Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы 2019 жылғы 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында мақұлданғанын хабарлайды.

Осылайша , жоғарыда көрсетілген жоба шенберінде «Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі 2019 жылғы 1 қарашадан бастап алып тасталатын болады.

Мекенжай анықтамасын қоғамның филиалдары арқылы да «электрондық үкімет»порталы арқылы да алуға болмайды.

Қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушылар порталдағы жеке кабинеттегі немесе қосымша арқылы өзінің тіркелу орнын тексере алады. «е-Gov mobile».

Сонымен қатар, мемлекеттік органдар ІІМ деректер базасымен ықпалдастырылған өздерінің ақпараттық жүйелері арқылы осы ақпаратқа қол жеткізе алады.