АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Павлодар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2019 жылғы 26 тамыздағы сағат 15.00-де шаруа қожалығын немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру бойынша конкурс өткізеді. Конкурс мына мекен-жайы бойынша өткізіледі: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32, акт залы.

Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің  тізбесі

 

р/н Лот Алаңы, га Топырақтың сапалық сипаттамасы Бонитет балы Өңірдің ауыл шаруашылығына мамандануы Жалгерлікке беру мерзімі, жыл Жер учаскесінің орналасқан орны
1 907 Жалпы ауданы 26,8 га, соның ішінде суарылмайтын егістік 26,8 га талшын 12 Өсімдік шаруашылығы 10 жыл Ефремовка ауылдық округі
2 908 Жалпы ауданы 36,15 га, соның ішінде суарылмайтын егістік 36,15 га талшын 12 Өсімдік шаруашылығы 10 жыл Ефремовка ауылдық округі
3 929 Жалпы ауданы 101,47 га, соның ішінде т.ж. жайылым 100,9 га, өзге алқаптар 0,57 га талшын 16 Мал шаруашылығы 10 жыл Чернорецк ауылдық округі
4 862 Жалпы ауданы 307,1 га, соның ішінде суарылмайтын егістік 307,1 га талшын 16 Өсімдік шаруашылығы 10 жыл Чернорецк ауылдық округі
5 925 Жалпы ауданы 68,2 га, соның ішінде шабындық 68,1 га, өзге алқаптар 0,11 га талшын 16 Мал шаруашылығы 10 жыл Заря ауылдық округі
6 926 Жалпы ауданы 138,99 га, соның ішінде т.ж. жайылым 138,7 га, өзге алқаптар 0,28 га талшын 16 Мал шаруашылығы 10 жыл Заря ауылдық округі
7 935 Жалпы ауданы 70,0 га, соның ішінде шабындық 70,0 га талшын 14 Мал шаруашылығы 10 жыл Мичурин ауылдық округі
8 940 Жалпы ауданы 500,0 га, соның ішінде суарылмайтын егістік 500,0 га талшын 12 Өсімдік шаруашылығы 10 жыл Заңғар ауылдық округі
9 936 Жалпы ауданы 320,0 га, соның ішінде суарылмайтын егістік 320,0 га талшын 12 Өсімдік шаруашылығы 10 жыл Шақат ауылдық округі
10 937 Жалпы ауданы 15,0 га, соның ішінде шабындық 15,0 талшын 16 Мал шаруашылығы 10 жыл Григорьевка ауылдық округі
11 938 Жалпы ауданы 450,0 га, соның ішінде жайылым 450,0 га талшын 11 Мал шаруашылығы 10 жыл Красноармейка ауылдық округі
Барлығы: жалпы ауданы 2033,71 га, соның ішінде суарылмайтын егістік 1190,05 га, жайылым 450,0 га, түпкілікті жақсартылған жайылым 239,6 га, шабындық 153,1 га, өзге алқаптар 0,96 га

 

Ауылшаруашылық өндірісін, қожалық (фермер) шаруалығын жүргізу үшін жер учаскелерін нысаналы мақсатқа сәйкес пайдаланудың міндетті шарты: жер учаскесін пайдалануда агротехникалық нормаларды міндетті түрде орындау (егіс айналымын сақтау), Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану Қағидаларын бекіту туралы» № 268 Бұйрыққа және  сәйкес ауылшаруашылық мақсаттағы жерлерді аумақтарға бөлуге және жер учаскесін пайдалану.

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 Жер кодексінің 92 бабына сәйкестікте, жер учаскесін игеру мерзімі жер учаскесін берген кезден екі жылды құрастырады.

Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

4) конкурстық ұсыныс;

5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.

  1. Конкурстық ұсыныста:

1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);

2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;

3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

Конкурстық ұсыныс, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, беттері нөмірленіп, тігілген түрде, жабық конвертте ұсынылады.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау және тіркеу – өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде, ал конкурс қайта өткізілген жағдайда, он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Шаруа қожалығын немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалға беру жөніндегі конкурс» және «(ашудың нақты күні мен уақыты көрсетіледі) «2019 жылғы «26» тамыздағы сағат 10-00 ға ДЕЙІН АШУҒА БОЛМАЙДЫ» деген сөздерді жазады. Конкурс өтінімдері конкурсты ұйымдастырушыға конкурс өтінімдерін қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін қолма-қол немесе пошта арқылы 2019 жылдың 5 тамыздан 2019 жылғы 26 тамыздағы  табыс етіледі.

Конкурсқа қатысушыларды тіркеу мына мекен-жайы бойынша жүргізіледі: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32, «Павлодар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне хабарласуға болады тел. 8-7182-61-93-21.

ӨТІНІМ ФОРМАСЫ

Конкурсқа қатысуға өтінім

(жеке тұлғалар өтінім)

ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру бойынша конкурс өткізу бойынша Конкурстық құжаттаманы қарастырып, алуы осымен расталады,

______________________________________________________________________

(қатысушының атауы)

Келесі лоттар бойынша конкурсқа қатысады:

_______________________________________________________________________

(лоттар бойынша егжей-тегжейлі сипаттама)

 

Осы конкурстық өтінім тұрады:

1.______________________________________________________

Осы конкурстық өтінім  конкурстық өтінімдері бар конверт ашылған күннен ___ күн ішінде әрекет етеді

(қол жазбамен)

Сатып алу – сату шартты немесе жер учаскелерін жалға беру құқығы жасалған сәтке дейін осы конкурстық өтінім Сіздің оны ұтып алғандығыңызды тану туралы хабарламаңызбен міндетті келесім шарт рөлін атқарады.

 

______________                                                                        _____________

(Қолы, күні)                                                                                        (Т.А.Ж.)