АҚПАРАТТЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

«Павлодар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2019 жылдың 5 шілдедегі сағат 10 00-де мемлекеттік меншіктегі жер телімдерінің жалдау құқығын сату бойынша және ағылшын  әдісі бойынша жер пайдалануға берілмеген жер телімдеріне аукцион өткізеді. Сауда-саттық Павлодар қаласы, Каирбаев көшесі, 32 (аудан әкімдігінің акт залы) мекенжайы бойынша өтеді

Сауда-саттықта сату үшін ұсынылып отырған жер телімдерінің

тізбесі және олардың құқығы

р/с

Жер телімінің орналасқан жері Жер телімінің

мақсатты нысаны

Жер телімінің көлемі, га Құқық 

түрі

Жалдау

төлемінің сомасы

Жалдау ақысының сомасы, теңге Сауда-саттықты  өткізу тәсілі  мен әдісі Бастапқы бағасы,

(теңге)

Кепілдік  жарнаның сомасы, теңге
1 2 3 4 5 6 7 8 9 9
1 Павлодар ауданы, Красноармейка ауылдық округі, Красноармейка ауылы Құс фермасының құрылысын жүргізу үшін 1,0 3 жылға уақытша жер пайдалану

 

2 520 000 8 064 Аукцион, ағылшын 151 200 126 250
2 Павлодар ауданы, Чернорецк ауылдық округі, Чернорецк ауылы Көкөніс қоймасын салу үшін 0,5 3 жылға уақытша жер пайдалану

 

1 190 000 4 320 Аукцион, ағылшын 71 400 126 250
3 Павлодар ауданы, Мичурин ауылдық округі, Госплемстанция ауылы Атқа міну клубын салу үшін 3,0 3 жылға уақытша жер пайдалану

 

7 560 000 25 920 Аукцион, ағылшын 453 600 126 250
4 Павлодар ауданы, Мичурин ауылдық округі, Госплемстанция ауылы Ауыл шаруашылық қосалқы бөлшектерінің дүкенін салу үшін 0,4 3 жылға уақытша жер пайдалану

 

1 008 000 3 456 Аукцион, ағылшын 60 480 126 250
5 Павлодар ауданы, Черноярка ауылдық округі, Сычевка ауылы Мал шаруашылығы кешенін салу үшін 2,0 3 жылға уақытша жер пайдалану

 

3 740 000 17 280 Аукцион, ағылшын 224 400 126 250
6 Павлодар ауданы, Кеңес ауылдық округі, Новоямышево ауылы Көкөніс қоймасын және өндірістік базаны салу үшін 30,0 3 жылға уақытша жер пайдалану

 

36 450 000 259  200 Аукцион, ағылшын 2 187 000 126 250

 

Конкурсқа қатысушыларды тіркеу, қабылдау: Аукционға қатысушылардың өтінімдерін тіркеу хабарландыру жарияланған күннен бастап  жүргізіледі және аукционның басталуына 24 сағат қалғанда аяқталады. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін мынадай құжаттарды тапсыру қажет: 1) жер телімінің жалдау құқығын  сату жөнінде аукционға қатысуға өтінімді; 2) кепілдік жарнаның енгізілгендігін растайтын төлем құжатын; 3) өкілеттің өкілеттілігін куәландыратын құжатты. Көшірмелердің дұрыстылығын растау үшін түпнұсқаларды салыстыру үшін беріледі.

Кепілдік жарна әрбір сауда-саттықтың объектісі бойынша «Павлодар ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ депозиттік шотына кез келген банк арқылы № 9-бағанындағы жоғарыда көрсетілген  тізілім мөлшерінде енгізіледі. 

Сауда — саттықтарға қатысуға өтінімдер мына мекенжай бойынша қабылданады: Павлодар қаласы, Толстой көшесі, 22,  9  кабинет, телефон: 619321.

Конкурстың өткізу талаптары: Аукционшы объектінің  бастапқы бағасын және бағаның өсу қадамын хабарлайды. Сауда-саттықта қатысушылардың нөмірді көтеруі бастапқы бағаны өсіреді, бірақ ол хабарланған қадамнан кем болмауы керек. Аукционшы сауда-саттық процесінде қадамдардың өзгеруі туралы хабарлайды. Бұл ретте, қадам объектінің ағымдағы бағасының бестен он пайызына дейінгі  шектерде өзгереді.

Аукционшы, қолайлылық үшін, ағымдағы қадамның бірден екі  бөлігінен аспайтын мөлшерге объектінің бағасын дөңгелендіреді. Аукционшы объект бойынша  аукционға қатысушылардың  аукциондық нөмірлерін хабарлайды, бағаны бекітеді және оны өсіруді ұсынады. Аукционшы объект үшін  неғұрлым жоғары баға ұсынған  қатысушының аукциондық нөмірін хабарлайды. Аукционшы объектінің  соңғы бағасын үш рет  қайталайды және басқа көтерілген аукциондық нөмірлері болмаған кезде балға соғу арқылы аталған объектінің сатылғаны туралы хабарлайды.

Сауда-саттықты ұйымдастырушы сауда-саттықтың алдында  сауда-саттыққа қатысушылардың санын белгілейді. Егерде осы жер телімі немесе жер телімінің жалдау құқығы бойынша  сауда-саттыққа қатысушылардың саны екеуден кем болса, сауда-саттық өтпеген болып саналады. Егерде объект бірінші аукционда сатылмаған жағдайда, ол келесі аукциондарға сатуға қойылады.

Жер телімдерінің жалдау құқығын сату шарттары: мақсатты нысанына сәйкес пайдалану,  жалдау құқығын сатып алу — сату келісім шартын жасасу, белгілі бір жерде  жер телімінің шекарасын белгілеу,  жер теліміне жалдау келісім шартын жасасу, объектіні жобалау үшін сәулет-жоспарлау тапсырмасын алу, келісімді қамтамасыз ету және инженерлік коммуникацияларды ауыстыру (олар болған жағдайда).

Төлемнің нысаны мен шарты: сатушы мен сатып алушының арасындағы сатып алу – сату  келісім шарты бойынша есеп жүргізіледі, бұл ретте сатып алушы  мынадай тәртіпте есеп жүргізеді:

елу пайыз мөлшердегі аванстық төлем сатып алу — сату келісім шартына қол қойылғаннан күннен бастап банктік бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде төленеді. Кепілдік жарна тиісті аванстық төлемнің есебіне жатқызылады.

қалған сома жалдау құқығын сатып алу — сату келісім шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей енгізіледі.

Жер телімін  немесе жер телімінің жалдау құқығын беру туралы  жергілікті атқарушы органның шешімі аукцион аяқталғаннан кейін екі жұмыс күннен кем емес мерзімде қабылданады.

Жергілікті атқарушы орган шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде сауда-саттықтың объектісін сатып алу — сату келісім шарты жасасылады