АҚПАРАТТЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

Павлодар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2019 жылғы 9 тамызда сағат 1000-де мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерінің жалдау құқығын сату бойынша және ағылшын  әдісі бойынша жер пайдалануға берілмеген жер учаскесіне аукцион өткізеді. Сауда-саттық Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32 (аудан әкімдігінің мәжіліс залы) мекенжайы бойынша өтеді

Сауда-саттықта сату үшін ұсынылып отырған жер учаскелерінің

тізбесі және олардың құқығы

Р/с№ Жер учаскесінің орналасқан жері Жер учаскесінің

мақсатты нысаны

Жер учаскесінің көлемі, га Құқық 

түрі

Бағалау құны, теңге Жалдау ақысының сомасы, теңге Сауда-саттықты  өткізу тәсілі  мен әдісі Бастапқы бағасы,

(теңге)

Кепілдік  жарнаның сомасы, теңге
1 2 3 4 5 6 7 8 9 9
1 Павлодар ауданы, Кеңес ауылдық округі, Новоямышев ауылы Демалыс аумағының құрылысы үшін 10,0 3 жылға уақытша жер пайдалану

 

22 950 000 72 000 Аукцион, ағылшын 1 377 000 126 250
2 Павлодар ауданы, Мичурин ауылдық округі, Мичурин ауылы Көмір қоймасы және таразынының құрылысы және қызмет көрсету үшін 2,0 3 жылға уақытша жер пайдалану

 

5 040 000 16 704 Аукцион, ағылшын 302 400 126 250
3 Павлодар ауданы, Кеңес ауылдық округі, Новоямышев ауылы Мал шаруашылық базасының құрылысы үшін 1,5 3 жылға уақытша жер пайдалану

 

3 442 500 10 800 Аукцион, ағылшын 206 520 126 250
4 Павлодар ауданы, Ефремовка ауылдық округі, Ефремовка ауылы Жол бойындағы сервис құрылысы үшін (кафе, қонақ үй, авто бөлшектер дүкені, автотұрақ, жылы дәретхана)

 

2,0 3 жылға уақытша жер пайдалану

 

5 040 000 14 400 Аукцион, ағылшын 302 400 126 250
5 Павлодар ауданы, Кеңес ауылдық округі, Новоямышев ауылы Көкөніс қоймасы және өндірістік базаның құрылысы үшін 30,0 3 жылға уақытша жер пайдалану

 

36 450 000 259  200 Аукцион, ағылшын 2 187 000 126 250

 

Аукционға қатысушыларды тіркеу, қабылдау: Аукционға қатысушылардың өтінімдерін тіркеу хабарландыру жарияланған күннен бастап  жүргізіледі және аукционның басталуына 24 сағат қалғанда аяқталады. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін мынадай құжаттарды тапсыру қажет: 1) жер учаскесінің жалдау құқығын  сату жөнінде аукционға қатысуға өтінім; 2) кепілдік жарнаның енгізілгендігін растайтын төлем құжаты; 3) өкілеттің өкілеттілігін куәландыратын құжат. Көшірмелердің дұрыстылығын растау үшін салыстыруға  түпнұсқалар беріледі.

Кепілдік жарна әрбір сауда-саттықтың объектісі бойынша «Павлодар ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ депозиттік шотына кез келген банк арқылы № 9 бағанындағы жоғарыда көрсетілген  тізбедегі мөлшерде бөлек енгізіледі.

Сауда-саттықтарға қатысуға өтінімдері мына мекенжай бойынша қабылданады: Павлодар қаласы, Толстой көшесі, 22,  9  кабинет, телефон: 619321.

Аукционды өткізу талаптары: Аукционшы объектінің  бастапқы бағасын және бағаның өсу қадамын хабарлайды. Сауда-саттықта қатысушылардың нөмірді көтеруі бастапқы бағаны өсіреді, бірақ ол хабарланған қадамнан кем болмауы керек. Аукционшы сауда-саттық процесінде қадамдардың өзгеруі туралы хабарлайды. Бұл ретте, қадам объектінің ағымдағы бағасының бестен он пайызына дейінгі  шектерде өзгереді.

Аукционшы қолайлылық үшін ағымдағы қадамның бірден екі  бөлігінен аспайтын мөлшерге объектінің бағасын дөңгелендіреді. Аукционшы объект бойынша  аукционға қатысушылардың  аукциондық нөмірлерін хабарлайды, бағаны бекітеді және оны өсіруді ұсынады. Аукционшы объект үшін  неғұрлым жоғары баға ұсынған  қатысушының аукциондық нөмірін хабарлайды. Аукционшы объектінің  соңғы бағасын үш рет  қайталайды және басқа көтерілген аукциондық нөмірлері болмаған кезде балға соғу арқылы аталған объектінің сатылғаны туралы хабарлайды.

Сауда-саттықты ұйымдастырушы сауда-саттықтың алдында  сауда-саттыққа қатысушылардың санын белгілейді. Егер де осы жер учаскесі немесе жер учаскесінің жалдау құқығы бойынша  сауда-саттыққа қатысушылардың саны екеуден кем болса, сауда-саттық өтпеген болып саналады. Егерде объект бірінші аукционда сатылмаған жағдайда, ол келесі аукциондарға сатуға қойылады.

Жер учаскелерінің жалдау құқығын сату шарттары: мақсатты нысанына сәйкес пайдалану,  жалдау құқығын сатып алу — сату келісім шартын жасасу, белгілі бір жерде  жер учаскесінің шекарасын белгілеу,  жер учаскесіне жалдау келісім шартын жасасу, объектіні жобалау үшін сәулет-жоспарлау тапсырмасын алу, келісімді қамтамасыз ету және инженерлік коммуникацияларды ауыстыру (олар болған жағдайда).

Төлемнің нысаны мен шарты: сатушы мен сатып алушының арасындағы сатып алу-сату  келісім шарты бойынша есеп жүргізіледі, бұл ретте сатып алушы  мынадай тәртіпте есеп жүргізеді:

— аванстық төлем сауда-саттық барысында белгіленген бағадан елу пайыз мөлшерде, сатып алу-сату келісім шартына қол қойылған күннен бастап банктік бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде енгізіледі. Кепілдік жарна тиісті аванстық төлемнің есебіне жатқызылады;

  • қалған сома сатып алу-сату келісім шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей енгізіледі.

Жер учаскесінің  немесе жер учаскесінің жалдау құқығын беру туралы  жергілікті атқарушы органның шешімі аукцион аяқталғаннан кейін екі жұмыс күннен кем емес мерзімде қабылданады.

Жергілікті атқарушы орган шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде сауда-саттықтың объектісін сатып алу-сату келісім шарты жасалады.