Конкурс өткізу туралы хабарландыру Павлодар ауданы әкімдігінің «Ауыл-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысы лауазымына

«Павлодар ауданының экономиканың нақты сектор бөлімі» ММ Павлодар ауданы әкімдігінің «Ауыл-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшышы лауазымына конкурс өткізу туралы хабарлайды, мекенжайы: Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32., «22» қазан 2019 жылы сағат 11-00-де ,

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар Павлодар ауданының экономиканың нақты сектор бөліміне келесі құжаттарды ұсынады: Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32, 308 кабинет.:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының (ол болған жағдайда) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардан үзінді көшірме;

6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) 086У нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби дайындық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан басшылықтан және т.б. ұсыныстар) ұсына алады.

Конкурстық құжаттарды алуға өтінімдерді қабылдаудың және конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі «18» қазан 2019 жыл:

Анықтама үшін 32-83-53 телефоны арқылы хабарласуға болады.