«Алаяқтық бойынша қылмыстық іс қаралды»

 

Павлодар аудандық соты ҚР ҚК 190 б. 3 б. 1 т. бойынша шығарылған кінәлі үкімімен азамат С.-қа қатысты қылмыстық іс қаралды. (Алаяқтық).

Қылмыстық іс материалдарынан анықталғандай, сотталушы С., ірі көлемдегі қаражаты жымқыру мақсатында Павлодар облысы аудандарының бірі «У» ЖҚ-ның басшысын адастырып, «WhatsApp» мессенджеріне зардап шеккен адамның қатысуымен топта қымбат ауылшаруашылық техникасын сатып алу үшін жарамсыз шарттары туралы жарнамаларды орналастырып, сол арқылы жәбірленушіні өзіне қарай тарта алды. Одан әрі жәбірленушінің сеніміне кіріп, соңғысына қымбат ауылшаруашылық техникасын сатып алу үшін осы сепкіш құнының шамамен 35-40% алдын-ала төлеу керек екенін айтты, жәбірленуші оған 10000000 (он миллион) теңге көлемінде қолма-қол ақша салуға бар екенін айтты.

Сотталушы жәбірленушіге алдын-ала жасалған келісімшартты берді. Сонымен бірге ол құнын төлеу үшін бөліп төлеу түрінде сатуға арналған сепкіштердің жоқ екенін айтты. Содан кейін сотталушы алдау және жәбірленушінің сеніміне қиянат жасау арқылы, міндеттемелердің орындаудың нақты мүмкіндігін болмаған кезде, өзінің іс-әрекеттерінің қылмыстық сипатын біліп, пайдакүнемдік ниетпен әрекет етіп, алаяқтық жасауға бағытталған жеке байыту мақсатында жәбірленушіге тиесілі болған 10000000 (он миллион)  теңге мөлшерінде заңсыз иеленді. Содан кейін қылмыстық жолмен алынған ақшамен ол автокөлік пен алтын заттар сатып алды.

Соттың кінәлі үкімімен сотталушы С., ҚР ҚК 190 б. 3 б. 1 т. сәйкес, кінәлі деп танылып оған 5 (бес) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жазасын орташа қатаң режимдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеп, мүлік тәркіленсін.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар:

Павлодар аудандық сотының баспасөз қызметі.