«Жол көлік оқиғасы нәтижесінде келтірілген залал туралы іс медиация тәртібімен тоқтатылды»

 

Павлодар аудандық соты талапкер М.-ның жауапкер З.-ға жол көлік оқиғасы нәтижесінде болған материалдық және моральдық залалды өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Іс материалдарынан анықталғандай, жауапкер З. автокөлікті басқарған кезде соқтығыс жасаған, нәтижесінде талапкер М.-ға материалдық залал келтірген, сонымен қатар жол көлік оқиғасы нәтижесінде болған талапкер М.-нің автокөліктің ішінде болған жолаушы К.-ға денсаулығына жеңіл дәрежеде зиян келтірді.

Павлодар қаласының мамандырылған әкімшілік сотының шешімі заңды күшіне енуімен сотталушы З. кінәлі деп танылып, оған 60 айлық есеп көрсеткіші көлемінде мемелекеттік кірісіне айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды.

            Сот отырысында тараптар медиатордың қатысуымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы тараптардан өтініш түсті, оның талаптары бойынша жауапкер З. 2023 жылғы 5 қазанға дейін материалдық залал, моральдық залал және басқа шығындарды өтеуге тиіс.

Тараптар жауапкер талапкерлердің алдындағы барлық қарызды төлеу бойынша міндеттемелерін орындағаннан кейін олардың бір-біріне қарсы талаптары болмайтындығына келіскен.

Сот тараптармен жасалған келісім заңға қайшы емес және басқа тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін бұзбайтынын деп анықтады, сондықтан дауды медиация тәртібімен реттеу туралы және сот ісін тоқтату туралы қорытындыға келді.

ҚР АІЖК 115 б. 2 т. ережлеріне сәйкес, тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасасқан кезде, сот бекіткен мемлекеттік баж бюджеттен толығымен қайтарылуға тиіс.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар:

Павлодар аудандық сотының баспасөз қызметі.