«Халықтың көші-қоны саласындағы жауапкершілігі»

 

Павлодар облысының Павлодар аудандық сотымен ӘҚБтК 517-бабының 5-бөлігі (шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша Өзбекстан Республикасының азаматы Х.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

 

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, 2020 жылдың мамыр айында Өзбекстан Республикасының азаматы Х. Павлодар ауданының ауылдың бірінде,  заңсыз жұмыс істегені анықталды.

 

Сот отырысында  құқық бұзушы  Х., өз  кінәсін толық мойындады  және істеген ісіне өкінетінін айтты.

 

Сот қаулысымен құқық бұзушы Х.,   кінәлі деп танылып, оған 48 615 теңге мөлшерінде айыппұл тағайындалды.

 

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Қайнар: Павлодар аудандық сотының баспасөз қызметі