«Қаруды заңсыз сақтағаны үшін жауапкершілігі»

 

Павлодар облысының Павлодар аудандық сотымен ӘҚБтК 482-бабының 1-бөлігі (Жеке және заңсыз тұлғлардың заңсыз иемденуі, беруі, өткізу, сақтау, алып жүру және тасымалдау.) бойынша жүргізуші А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

 

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, 2020 жылдың наурыз айында азамат А. 1964 жылғы шығарылған «ТОЗ БМ» 16 калибрлі тегіс ұнғылы мылтық табылды және тәркіленді.

 

Сот отырысында  құқық бұзушы  А., өз  кінәсін толық мойындады  және істеген ісіне өкінетінін айтты.

 

Сот қаулысымен құқық бұзушы А., кінәлі деп танылып, оған 37 114 теңге мөлшерінде айып салынды, сонымен қатар 1964 жылғы шығарылған «ТОЗ БМ» 16 калибрлі мылтық тәркіленді.

 

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Қайнар: Павлодар аудандық сотының баспасөз қызметі