Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту және электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету үлесін ұлғайту

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес ауылдық округ әкімдерінің аппараттары қызметтерді қағаз түрінде көрсетеді, олардың талаптары мен тәртібі стандарттармен және регламенттермен айқындалады.

«Ефремовка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жеке және заңды тұлғаларға ең аз құжат пакетімен үш мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  1. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою;
  2. Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну;
  3. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу.

2019 жылдың қаңтарынан бастап «Ефремовка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» жұмыс істейді.

Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында азамат ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) болған жағдайда «электрондық үкімет»порталы арқылы бірнеше минут ішінде анықтама ала алады. Сонымен қатар, ЭЦҚ болмаған жағдайда да азаматтың мемлекеттік қызметті бір реттік пароль немесе Telegram (EgovKzBot) әлеуметтік желісі арқылы алуға мүмкіндігі бар.

Ефремовка ауылдық округі әкімі аппаратының мамандарымен Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуда азаматтарға кеңес және көмек көрсетіледі. Аталған «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышын» ашудың басты мақсаты электронды түрде мемлекеттік қызмет көрсету және халықтың сандық сауаттылығын арттыру болып табылады.

2018 жылы Ефремовка ауылдық округі бойынша «халықтың сандық сауаттылығын арттыру бойынша» қоғамдық жұмыстар орындалып, 80 адам оқытылды. Сондай-ақ, 2019 жылдың 20 тамызынан бастап «халықтың сандық сауаттылығын арттыру бойынша» қоғамдық жұмыстар басталады. Сонда 40 адам оқытуды жоспарлауда. Қоғамдық жұмыстарды орындаудың басты мақсаты халықтың сандық сауаттылығын арттыру болып табылады.