Мемлекеттік қызметтерді электронды форматта тарату жөніндегі іс-шаралар

«Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жеке және заңды тұлғаларға (ең аз құжат пакетімен) келесі мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  1. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою;
  2. Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну;
  3. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу.

Мемлекеттік қызметтер жүйесін электронды форматта жетілдіру және оларға азаматтардың еркін қол жеткізуін қамтамасыз ету Елбасы алға қойған ең маңызды стратегиялық міндеттер болды.

Әкімшілік ғимартында өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы бар. Өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы округ тұрғындары мемлекеттік қызмет ала алады.  ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) болған кезде кез келген азамат ХҚКО кезектерінде уақыт жоғалтпастан «электрондық үкімет» порталы арқылы бірнеше минут ішінде анықтамалар ала алады. Сонымен қатар ЭЦҚ болмаған жағдайда да, азаматтың мемлекеттік қызметті бір реттік пароль немесе Telegram (EgovKzBot) әлеуметтік желісі арқылы алуға мүмкіндігі бар.

Ауылдық округ әкімі аппаратының мамандары мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуға азаматтарға кеңес және көмек көрсетеді

 

 

«Григорьевка ауылдық округі

әкімінің аппараты» ММ