Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту және электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету үлесін ұлғайту.

«Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жеке және заңды тұлғаларға (ең аз құжат пакетімен) үш мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  1. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою;
  2. Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну;
  3. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу.

Мемлекеттік қызметтер жүйесін электронды форматта жетілдіру және оларға азаматтардың еркін қол жеткізуін қамтамасыз ету Елбасы алға қойған ең маңызды стратегиялық міндеттер болды.

2018 жылы Григорьевка ауылдық округі бойынша «халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша» қоғамдық жұмыстар өтті.  Атқарылған-16 күн, жұмыстар толық көлемде, сапалы және мерзімінде орындалды.

Аталған «халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша» қоғамдық жұмыстар халықтың сандық сауаттылығын арттыру болып табылады.   ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) болған кезде кез келген азамат ХҚКО кезектерінде уақыт жоғалтпастан «электрондық үкімет» порталы арқылы бірнеше минут ішінде анықтамалар ала алады. Сонымен қатар ЭЦҚ болмаған жағдайда да, азаматтың мемлекеттік қызметті бір реттік пароль немесе Telegram (EgovKzBot) әлеуметтік желісі арқылы алуға мүмкіндігі бар.

Ауылдық округ әкімі аппаратының мамандары мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуға азаматтарға кеңес және көмек көрсетеді.