Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту және электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үлесін ұлғайту

 

 

«Павлодар ауданы Ольгинка ауылы әкімінің аппараты» жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетеді.

Электрондық форматта мемлекеттік қызметтер жүйесін жетілдіру және оларға азаматтардың еркін қол жеткізуін қамтамасыз ету маңызды стратегиялық міндеттерге айналды.

Ольгинка ауылының әкімдігінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар, онда ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) болған жағдайда ХҚКО кезектерінде уақыт жоғалтпай, «электрондық үкімет»порталы арқылы бірнеше минут ішінде анықтама алуға болады. Сонымен қатар, ЭЦҚ болмаған жағдайда да азаматтың мемлекеттік қызметтерді бір реттік пароль немесе Telegram (EgovKzBot) әлеуметтік желісі арқылы алуға мүмкіндігі бар.

Ольгинка ауылы әкімі аппаратының мамандарымен Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуда азаматтарға кеңес және көмек көрсетіледі. Мысалы, 2019 жылдың тамыз айында 10 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ алынды, ал қыркүйек айында бұл мемлекеттік қызмет саны 43-ке дейін өсті.

2019 жылы 18 қазанда Ольгинка ауылының әкімшілігінде «мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту және электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үлесін арттыру»тақырыбында семинар өткізілді.