Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту және электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету үлесін ұлғайту

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес ауылдық округ әкімдерінің аппараттары қызметтерді қағаз түрінде көрсетеді, олардың талаптары мен тәртібі стандарттармен және регламенттермен айқындалады.

«Кенес ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жеке және заңды тұлғаларға ең аз құжат пакетімен үш мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  1. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою;
  2. Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну;
  3. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу.

Мемлекеттік қызметтер жүйесін электронды форматта жетілдіру және оларға азаматтардың еркін қол жеткізуін қамтамасыз ету Елбасы алға қойған ең маңызды стратегиялық міндеттер болды.

 Қызмет Стандарт Регламент
  Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500011184 http://adilet.zan.kz/rus/docs/V15P0004581#z133
  Сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1600013652#z7 http://adilet.zan.kz/rus/docs/V16P0005252#z7
  Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500010981#z8 http://adilet.zan.kz/rus/docs/V15P0004582#z24

 

2019 жылдан бастап «Кенес ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-да «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» жұмыс істейді.

Аталған «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышын» ашудың басты мақсаты электронды түрде мемлекеттік қызмет көрсету және халықтың сандық сауаттылығын арттыру болып табылады.

Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) болған кезде кез келген азамат ХҚКО кезектерінде уақыт жоғалтпастан «электрондық үкімет» порталы арқылы бірнеше минут ішінде анықтамалар ала алады.

Сонымен қатар ЭЦҚ болмаған жағдайда да, азаматтың мемлекеттік қызметті бір реттік пароль немесе Telegram (EgovKzBot) әлеуметтік желісі арқылы алуға мүмкіндігі бар.

Ауылдық округ әкімі аппаратының мамандары Мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуға азаматтарға кеңес және көмек көрсетеді.

«Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышын» пайдаланудан басқа халықтың мемлекеттік қызметтерді алуы үшін әкімдіктердің ғимараттарында Мемлекеттік және өзге де ақпараттық ресурстарға тең құқықты қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін қоғамдық қол жеткізу пункттері бар.

Азаматтар пайдаланатын ең көп таралған мемлекеттік қызметтер – бұл:

  • Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру;
  • Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру;
  • Жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама беру.

«Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» және ҚҚП қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтерді онлайн алудың неғұрлым ыңғайлы тәсілі болып табылады, бұған қоса кезекте уақыт кетпейді және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қысқартылады.

 

 

«Кенес ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ