Мұзда өзінді ұстау ережесі

Жыл сайын өзендерде, көлдерде, су қоймаларында адамдар мұздың астына кетіп жатады. Пәлеге балықшылар да, мұздың үстінде ойнайын деген балалар да, және жолды қысқартқысы келген жай ғана жаяу жүрушілер.

Әрине мұздың үстінен мүлдем жүрмеген дұрыс. Ал егер сіздер жүруге бел бусаңыз, онда қауіпсіздіктің мына негізгі ережелерін есте сақтаңыздар   :

  • жұқа, бекімеген мұздың үстіне шықпаңыз.
  • тік жардан шана, шаңғымен жұқа мұздың үстіне сырғанап түспеңіз.
  • мұздың жарылған, тесілген жерлеріне жақын жақындамаңыз.
  • мұздың жеке учаскелеріне топпен жиналмаңыздар.
  • тыйым салынған жерлердің мұзын басып өтпеңіз.
  • мұзды аяқпен жармаңыз.

Мұздан өтер алдында оның беріктігіне көзіңізді жеткізіңіз. Мұздың беріктігі жаяу жүріспен тексеріледі. Берік мұз 2-3 соққыдан кейін жарылады.

Мұздың үстінен топпен жүрген кезде бір-біріне 5-6 метр қашықтықта жүру қажет.

Ең алдымен салмағы жеңіл адамды, құтқару құралды киіндіріп жіберу қажет (мысалы, құтқару жилетін).

Егер сіздер балық аулуға шықсаңыз, онда келесі талаптарды сақтау қажет:

  • бір-біріне жақын тесіктерді оюға болмайды.
  • әр ойылған тесікті кішкентай жалаулармен белгілеу керек (түнде қармен жабылып қалмау үшін).
  • балық аулаушылар өздерімен бірге құтқару құралдарын алу қажет (12-15 м. жіп).
  • балық аулауға жалғыз шығуға болмайды.

Егер сіздер мұздың астына түсіп кетсеңіз, абыржымаңыз, қорықпаңыз, қолдарыңызды әр жаққа жайыңыз, бұл тәсіл бет жағында ұсталынып қалуға мүмкіндік береді. Көмек сұрап айқайлаңыз. Есіңізде болсын, киім мен сіздің денеңіздің арасындағы ауа бір шама уақыт сізді ұстап тұрады. Мұздың қырына арқаңызбен тіреліңіз, қарама-қарсы мұздың қырына оң жақ аяғыныңбен тіреліңіз, сол жақ аяқты күшпен мұзға аударыңыз.

Мұзға шыққаннан кейін келген жағыңызға еңбектеңіз.

 

 

Павлодар ауданының

ТЖБ инженері

Танжанов С.Т.