Онлайн-бақылау — кассалық  машиналарды қолдану

2018 жылғы  желтоқсанның 23-нен Казақстан Республикасы  Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы №206 Казақстан Республикасының аумағында  жүзеге  асыру кезінде салық  төлеушілер ақшалай  есеп айырысу  кезінде  деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналарды қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы  бұйрығында  өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 қарашадағы №1029 бұйрығы  күшіне енді.

Толық көшу 2019 жылы аяқталуы тиіс.

2019 жылдын  бастап онлайн-бақылау-кассалық  машиналарды қолдану  керек  адамдардың  тізімі тоқсан сайын кеңейтілді. Барлығы  633  қызмет түрі.

2019 жылғы  сәуірдің 01-нен бастап 323 қызмет түрі

2019 жылғы  шілденің 01-нен бастап 86 қызмет түрі

2019 жылғы  қазанның 01-нен бастап 224 қызмет түрі

Онлайн-бақылау -кассалық  машиналарды қолдану   жөніндегі  талаптар жалпы пайдаланудағы телекоммуникациялар  желісі жоқ аумақтарда  жұмыс  істейтін салық төлеушілерге  колданылмайды.

Бұл ретте Қаржы  министрінің бұйрығы салық төлеушілер жүзеге асырған кезде Онлайн-бақылау кассалық  машиналарды қолдануға міндетті қызмет түрлерін ғана  анықтайды. БКМ-ны қолдану  тәртібі Салық  кодексінің 166-бабында  реттелді.

Салық кодексінің 166 бабының 1-тармағында Қазақстан Республикасынң аумағында ақшалай есеп айырысулар міндетті түрде   бақылау кассалық  машиналардың  қолданысымен  жүзеге асырылады.

БКМ қолдану бойынша талап ақшалай есеп айырысуға  қолданылмайды:

1) физикалық тұлғаларға;

2) адвокаттар мен медиаторларға;

3) қызметін жүзеге асыратын дара қәсіпкерлерге (акцизделетін тауарларды өткізушілерден  басқа);

-патент  бойынша 2020 жылдың 1 қантарына дейін;

-2020 жылдың 1 қантарына дейін  бірынғай  жер  салығын төлеу негізінде  арнайы салық режимі шеңберінде;

4) билет бере отырып, қоғамдық қалалық көлікте тасымалдау  бойынша халыққа қызмет  көрсету бөлігінде;

5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі;

6) екінші денгейдегі банктер

Қаржылық есеп айырысу кезінде деректерді тіркеу және  (немесе) беру  функциясы бар бақылау -кассалық  машиналарды  (БҚМ) қолдануға міндетті салық төлеушілер  бойынша  қызмет бөлінісінде ақшаалй есеп айырысу кезінде  деректерді  тіркеу және немесе беру  функциясы бар бақылау -кассалық  машиналарды (БҚМ) қолдану  туралы Қаржы министрінің  толық мәтінімен – www.pvl.kgd.gov.kz   сайтында  танысуға  болады.