Абайлаңыз,тырысқақ!

 

Тырысқақ – бұл сусыздануға жылдам әкеп соғатын, айқын іш өту және құсу арқылы білінетін сырқат. Жұқтырған адам инфекция көзі болып табылады. Науқас құсықпен, нәжіспен бактерияларды бөліп шығарады, бұл қоршаған орта нысандарын ластайды. Тырысқақтың берілу механизмі — ауыз-нәжіс арқылы. Жиі кездері сырқат су арқылы берілу жолының арқасында таралады. Адам тырысқақ вибриондарымен ластанған суды пайдаланғанда, оны шомылу уақытында жұтқан кезде, сондай-ақ, осындай сумен жуылған көкөніс пен жемістерді пайдаланған соң, сырқаттанып қалады. Адам зақымданған судағы балықты, сондай-ақ, теңіз өнімдерін, шаяндарды жеген кезде тағамдық жолмен берілуі ықтимал. Ақырсоңында, тұрмыстық-байланыстықжол, өйткенітұрмыстықзаттарға, ыдыс-аяқтарға, есіктұтқаларынавибриондартүседі.Осындай заттарды ұстап, кейін қолмен ауызды ұстаған соң, адамның тырысқақпен сырқаттану қаупі бар.
Алдын алу шаралары өте қарапайым:

Белгісіз су қоймаларында шомылмау;

Қайнамаған суды пайдаланбау, тек қауіпсіз суды ішу;

Дәретханадан кейін, ас ішпес бұрын қолды мұқият жуу;

Сертификатталмаған сауда орындарындағы тамақты жемеу;

Піспеген теңіз өнімдері мен балықты жемеу.