Абайлаңыз – құтырма!

 

Қайсыбіріміз иттің тістеуінен не мысықтың тырнауынан зардап шекпедік десеңізші, бірақ оның қаншалықты қауіпті екенін бірде-біреуіміз ойламаппыз. Ауру жануар тістеп, не оның сілекейі сілемей қабығына, терідегі жараға түскен кезде адам құтырмамен жұқтырылуы мүмкін. Құтырма – орталық нерв жүйесінің ауыр зақымдалуымен аса қауіпті инфекциялық ауру және ең бастысы – ол әрқашанда өлім-жітіммен аяқталады.

Үй немесе жабайы жануарлар тістеген, тырнаған адамдарға дереу тістеген орынды сабын сумен жуып, жараны йодпен не спиртпен өңдеп, жақын арадағы медициналық пунктіге медициналық көмекке жүгіну қажет. Тістеген жануарды ешбір жағдайда өлтіруге жол берілмейді, өйткені оған ветеринарлық бақылау белгіленеді.

Тістеген жануарға ветеринармен 10-күндік бақылау белгіленеді. Егер осы уақыт ішінде құтырманың белгілері байқалмаса, ол сау жануар болып саналады және вакциналау курсын дәрігер-травмотолог тоқтатады.

Қаңғырған ит тістеген кезде Сізге алты екпеден тұратын толық вакциналау курсы тағайындалады.

Есіңізде болсын, құтырма ауруы емделмейді, бірақ оны вакцина егіп, алдын алуға болады. Екпе – жұқтырылған адамдарда құтырма ауруын тоқтататын сенімді құрал, олар ауыртпайды, жеңіл өтеді.

Иммундау кезеңінде тамаққа ақуызбен және дәруменмен байытылған өнімдерді пайдалану ұсынылады, ағзаны салқындатудан, шамадан тыс қыздырудан, шаршатудан аулақ болған жөн.

Иммундық алдын алудың тиімділігі оны уақытылы жүргізуге байланысты. Әрбір өткізілген күн – өлімге душар етеді.