АСА ҚАУІПТІ!!!

Снюс- түрлі нысанда шығарылып, шайнайтын темекі ретінде қолданылатын, түтінсіз темекі өнімі.

Үлесті пакетиктер немесе шашыраңқы темекі түрінде, никотин көмей мен өкпеден тыс, қанға сіңірілуі және ағзаға түсуі үшін иек пен жоғарғы (кейде төменгі) еріннің арасына 5-30 минутқа салады. Бұл зат тек темекі ғана емес. Оның құрамына темекі, ылғалдандырғыш ретіндегі су, дәмін күшейтуге арналған сода немесе консервант ретінде қант кіреді. Кейбір қоспаларға қосымша хош иісі үшін эфир майын, басқа шөптердің жапырақтарын, жидек пен жеміс бөліктерін қосады.

Үлесті снюсты түрлі пакеттерге орайды;

  • шағын – 0, 3 – 0, 4 г;
  • стандартты (немесе үлкен) – 0, 8 – 1 г;
  • макси – 1, 5 – 2 г.

Әйелдер көбінесе шағын пакеттерді, ал еркектер – стандартты пакеттерді қабылдайды.

Пакеттер қоңыр болуы мүмкін – оларды  жасаудың соңғы кезеңінде темекімен бояйды және су бүркиді. Ерлер көбінесе қоңыр түсті қаптамаларды, ал әйелдер – ақ түсті қаптамаларды ұнатады.

Снюстың көп бөлігі хош иістендіргіштерсіз шығарылады және дәмі мен темекі иісі бар. Алайда, жалбыз, лаванда, лайм, кофе, ваниль, қауын, ментол, таңқурай, бергамот, виски және басқасы секілді қоспалары бар хош иістендірілген сұрыптамалары да бар. Хош иістендірілген снюс көбінесе үлесті түрде сатылады.

Снюс қалай әсер етеді?

Снюсты пайдалану темекі тарту секілді ағзаға никотинның келіп түсуіне арналған. Шайнайтын темекінің құрамында шылымға қарағанда, одан да көп никотин бар. Алайда, қанға шамамен оның бірдей мөлшері келіп түседі. Снюс үлесін салғаннан кейін 30 минуттан соң, қанда никотинның шамамен 15 нг/мл анықталады, кейін ұзақ уақыт бойы 30 нг/мл көрсеткіші ұсталып тұрады. Бұл ретте шылым шегуге қарағанда, снюсты пайдаланған кезде ағзаға темекі түтіні мен ондағы заттар келіп түспейді. Сондықтан да алғашқыда снюсты пайдалану қауіпсіз және онша зиянды емес болып көрінуі мүмкін. Оны өндірушілер дәл осылай жайғастырады.

Снюсқа тәуелділік

Снюс, шылым шегуге арналған темекі секілді сөзсіз никотинға тәуелділікті тудырады. Мамандардың көпшілігі снюсқа физикалық және психикалық тәуелділік одан да күштірек және одан құтылу өте қиын екендігіне сенімді. Сондықтан оны емдеу күрделілігіне қарай, есірткілік емес болса да, ішімдікке немесе темекіге тәуелділікпен бір қатарға қояды.

Өндірушілер снюс жайында келесідей аңызды таратуда – бұл өнім темекі тартуға ұмтылысты төмендете алады және тіпті темекіге тәуелділікпен күресуге көмектеседі. Аңыздың тек бірінші бөлігі ғана шындық болып табылады – снюс шынымен де шегілетін шылымның мөлшерін ең төмен мөлшерге дейін қысқартуы мүмкін немесе сіз темекіні мүлдем тастауыңыз мүмкін. Алайда, аңыздың екінші бөлігі – толықтай жалған, себебі, темекі тарту сезімі темекіні еріннің артына салуға әуестікке ауысуы мүмкін және никотинға тәуелділік ешқайда да кетпейді.

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!!! Сіздің денсаулығыңыз сіздің қолыңызда!!!