Дұрыс тамақтану– денсаулық кепілі

Дұрыстамақтану – адамден саулығының негізі. Негізінде әр түрлі тағамдардың тағамдық құндылығы көп жағдайда олардың қалай дайындалғанына байланысты. Дұрыс тамақтанбау және қозғалысы аз өмір салты әр түрлі  аурулар туындауының  негізгі себептері болып табылатыны белгілі. Дұрыс тамақтану  қажет екенін бәрі біледі, бірақ бәрі де бұл қағиданы ұстанбайды. Дұрыс  тамақтанбау ерте ме, кеш пе адамның жекелеген  органдарының бұзылуына   және тұтас организмнің функцияларының бұзылуына әкеледі. Әрдайым бір уақытта тамақтану қажет, тағамды асықпай, мұқият  шайнау керек.

Дұрыс тамақтанбау өсіп келе жатқан организмнің  қажетті қоректік заттармен қанықпауына әкеледі. Тез тағамдарды, фаст-фудты әрдайым жарнамалайды, әр бұрышта сатылып жатады және оның бағасы қолжетімді және халықтың сұранысына ие. Тағамдық  қоспаларының қанық дәмінен фаст–фудтың,  барлық өнімдері өте дәмді болып көрінеді. Балалар анық түсті және ерекше нәрселерді жақсы көреді. Көшелерде сіз балаларды  шоколад, чипсілер, қытырлақ нандармен ауыздарын толырып алып жеп жүргенін көре аласыз. Бұл өнімдердің құрамында  хош иістендіргіштер, дәмді күшейтетін қоспалар, бояғыштар бар. Тез тағамдар  барлық адамдар үшін қолжетімді, арзан және тартымды көрінеді, тіпті оған үлкендер де қарсы тұра алмайды.

Гамбургерлер, пицца және фри

Бұл тағамдардың  құрамында өте көп көмірсулар  және жануар майы бар, олар  артық калориялар мен артық салмақты қосуға себеп болады. Бұл тағамдардың құрамында клетчатка мен тағамдық талшықтар өте аз, асқазанда ұзақ уақыт сақталып, шіру мен ашуды туғызатындықтан іштің ісуі мен, нәжістің бұзуылына, іштің қатуына әкеледі. Асқазан– ішек жолдарына түскен кезде қорыту үшін  ферменттер бөлетін  ұйқы безі мен бауыр шамадан тыс жұмыс істейді. Бұның соңында органдардың жұмысы бұзылып, панкреатит пен бауыр және өт жолдарының бұзылуына алып келеді. Сонымен қатар, бұл тағамдар түрлі зиянды заттарға бай — тоқаштардағы, картоптағы  немесе котлеттердегі қызғылт қабаттарда қауіпті ісіктерді тудыруы мүмкін канцерогенді заттар болады.

Осындай тамақ өнімдеріне көбіне дәмді күшейтетін қоспалар, мысалы натрий глутаматы қосылады, бұл тағамдарға електіргіш дәмді береді. Глутаматты миға тым белсенді импульстарды жіберіп, тілдің дәм сезу бөліктерінің жұмысын шамадан тыс ынталандырады. Одан кейін, әдеттегі азық-түлікті пайдаланған кезде, ол татымсыз, дәмсіз тағам  болып көрінеді. Балалар тез тағамдарға  тәуелді болуы мүмкін. Сонымен қатар, глутамат асқазан безіне әсер етіп, гастрит, колит және проктит ауруларының туындауына әкеледі. Көптеген өнімдер ұзақ уақыт сақталады, яғни олардың құрамында  консерванттар да  болады. Осы заттардың барлығы сіздің денсаулығыңызға кері әсер етуі мүмкін.

Газдалған  тәтті сусындар бояғыштардан, хош иісті эссенциялардан, қышқылдардан (консервантар) көмірқышқыл газынан және қарапайым судан тұрады. Адамдар бұл қоспаны ішкенде, тілдің рецепторлары шөлді басу мен рахаттануды алдамшы әсеріне беріледі. Психологиялық тұрғыдан алғанда, адам сұйықтық ішкенін түсінеді. Шын мәнінде  адам организміне көп мөлшерде қоспа түседі, ол тек қана шөлді қандырып қана қоймайды, сонымен қатар  бейтараптану үшін көпмөлшерде таза суды талапетеді. Газ көпіршіктерінің әсері шырышты қабатты және кеудені тітіркендіреді, бұл қайтадан шөлдеуге әкеледі. Бұдан қызықты нәтиже шығады: газдалған тәтті сусын ішу арқылы  шөліңізді қандыра алмайсыз. Газдалған тәтті сусынды қайта-қайта ішкіңіз келеді. Бұл  организмге сұйықтықты толтыру емес, тек өзіңді алдау. Бір стакан газдалған сусынның құрамында  төрт ас қасық  қант болады. Суда ерітілген қант газдың арқасында тез арада бауыр мен қанға сіңеді, бұл түскен  қантты қорыту  үшін инсулиннің өте көп мөлшерде өндірілуіне себеп болады. Және бұның бәрі бір стакан сусында! Күнінеересекадамқаншастақансусынішеді? Қанша қант қанға түседі?

Әрқайсымыз жылдар бойы жас, белсенді және көңілді,  денсаулығымыз мықты  болғанын қалаймыз. Жастық шақтан бастап өз денсаулығыңды қорғау қажет екенін  ойлай бермейміз. Мүлдем бекер! Өйткені денсаулығымызды қалпына келтіру үшін көп күш салудан гөрі, өз денсаулығыңызды сақтап қалу  әлдеқайда оңай. Біздің өмір сүру сапасы көрсеткіштерінің бірі – күнделікті  пайдалы тағамдарды пайдалану,  бұл — денсаулық пен ұзақөмір сүру кепілдігі.