Ерте піскен қарбыздар. Ерте піскен көкөністер мен бақшалық өнімдерді сату туралы.

 

 Жаз маусымының келуімен біз рационымызға ерте піскен көкөністер мен жемістерді енгіземіз, олар тек пайдалы ғана болып қоймай, өз ішінде қауптілігін төндіреді.

Жиі ретте ерте піскен жемістер мен көкөністер адам денсаулығына қауіпті заттардың көп мөлшерін құрайды, олар нитраттар болып табылады. Адам ағзасына нитраттардың көп мөлшерінің жүйелі түрде енуі денсаулыққа жағымсыз әсер етеді. Нитраттармен уланудың көтерілуі жиі ретте мамыр-маусым айларында байқалады, бұл әкелінетін ерте піскен көкөніс өнімдерін қолданумен байланысты.

Нитраттардың жоғары мөлшері бар көкөніс-жеміс өнімдерін пайдаланумен байланысты тамақтан уланулардың алдын алуға бағытталған шаралар шеңберінде қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен Павлодар ауданының сауда нүктелерінде «Нитраттарсыз денсаулық» атты науқаны өткізілді.

Тұтынушылармен қауіпсіз тамақтану сауалдары, нитраттармен уланудың алдын алу бойынша санитариялық-түсіндіру жұмыстары, сауалнама өткізілді. 70 парақшалар мен жаднамалар әзірленіп, таратылды, бұнда кең аудиторияға нитраттармен уланудың алдын алу шаралары бойынша ұсыныстар берілді.