Жарақаттану

Көшеде мұзтайғақ, сонымен қауіпсіздік туралы ойлануға уақыт келді. Өйткені, жарақаттану аурулар арасындағы сырқаттанушылық құрылымында алдыңғы  орындардың бірінде. Біздің республикамызда жыл сайын 800 мыңға жуық адам жарақат алады. Әр түрлі ауырлықтағы жарақат пен зақымның 70% -дан астамы құлау нәтижесінде орын алады. Мұзтайғақ кезінде көшеде жарақаттану жағдайлары айтарлықтай көбеюде: жарақаттану, буын шығу, сынықтар. Мұзтайғақ болғанда ауаның температурасы көтеріледі, жоғары ылғалдылық пен күшті жел болады.

Осындай ауа-райында арнайы қажеттіліксіз үйден шығудан аулақ болу керек, сонымен қатар:

— жоғары тақалардан, сонымен қатар табаны тайғақ, сырғымайтын аяқ киімнен бас тарту керек;

— қауіпті жерлерден, беті көлбеу жерлерден, сулы орындардан аулақ болыңыз;

— аяқ киімнің бүкіл табанын басып жүру керек, аяқты тізе маңында босаңсытып жүру керек;

— қолды бос ұстау керек, оларды қалтада ұстамаңыз;

— жол бойында өте сақ болыңыз: асығып жүрмеңіз, жүгірмеңіз;

— қарт жастағы адамдарға резеңке немесе бас жағы үшкір таяқшаны пайдалану ұсынылады;

— ғимараттардың шатырларынан түсетін қар мен мұздардан абай болу тиіс;

— қала сыртындағы саяхаттардан бас тарту.

Остеопороздан зардап шегетін қарт жастағы адамдарға тым мұқият болу қажет,  өйткені құлау кезінде сүйек сынуы әбден мүмкін.

Егер сіз жарақат алсаңыз, немесе құлап, бас айналу, жүрек айнуды сезінсеңіз, құсу белгілері пайда болса — дереу медициналық көмекке жүгінуіңіз керек.

Мұздағы қауіпсіз мінез-құлық ережелерін сақтаңыз және сау болыңыз!