Зиянды әдеттер мен салауатты өмір салтын қалыптастыру

Тәуекелдің әрекетті факторлары негізінде адам өз қалауы бойынша жасайтын әрекеттер түріне жатады. Сондықтан, осындай факторлар жойылуы немесе өмір сүру шарттарының не болмаса әдеттердің өзгертілуі арқылы азайтылуы мүмкін.

Мысал ретінде төмендегілерді атауға болады:

  • шылым шегу;
  • алкогольды көп мөлшерде қолдану;
  • тамақтану үлгісі;
  • дене белсенділігінің болмауы.

Тыныс алу мүшелері. Алғаш рет темекі түтінінен тыныс алу мүшелері зардап шегеді.

  1. Тамақ обырынан 98%, өкпе онкологиясынан — 96%, өкпе эмфиземасынан және созылмалы бронхиттен — 75% адам қайтыс болды. Осы көрсеткіштердің барлығы — шылым шегушілердің арасында.
  2. Темекі түтініндегі күйенің көп мөлшері тамақта, бронхтар мен өкпеде жиналады.
  3. Тыныс алу кезіндегі түтіннің 50°С дейін температурасы бар, бұл тыныс алу мүшелерінің сілемейлі қабаттарының қалыпты температурасынан 12 есе асады.

Шылым шегудің алдын алу кешенді болуы тиіс және төмендегі шаралары болуы қажет:

  • Балаға үлгі көрсетпеңіздер.
  • Темекі жарнамасына тыйым салу.
  • Ақпараттандыру. Балаларға шылым шегу туралы айту өте маңызды, ал барлық ақпаратты толық жасыру тіпті дұрыс емес. Сіз балаға темекі түтінінің зияндылығы жөнінде мұқият түсіндіруге тиістісіз.
  • Салауатты өмір сүруді насихаттау. Шылым шегуде, алкоголизмде, нашақорлықта тек бір ғана маңызды альтернатива бар — салауатты өмір сүру.
  • 18 жасқа толмаған балаларға темекі сатуға тыйым салу.
  • Қоғамдық орындарда шылым шегуге тыйым салу.

Алкоголизм – бұз физикалық және психологиялық тұрғыда алкогольге деген құмарлы тәуелділік түрінде айқындалатын өте маңызды ауру.

Алкоголизмнің статистикасы. Жасөспірімдердің 60% ата-анасы немесе басқа отбасы мүшелері ішкіш болған жағдайда осы жаман әдетке құштар болады, ал олардың 40% еш нәрсемен айналыспаған бос жүретін балалар осы жаман әдетке еліктейді.

Алкогольдың адам ағзасына ықпал етуі:

  1. Алкоголь ағзаның физикалық жағдайына зиянды әсер етеді. Бауыр аурулары  (гепатит, цирроз).
  2. Дәрумендердің, микроэлементтер мен басқа да маңызды заттардың тапшылығы салдарынан ағзаның жалпы әлсіреуі. Осы себептен кез-келген аурулар спирттік ішімдіктерді қолданбайтын адамдардан гөрі тым ауырлау өтеді.
  3. Онкологиялық аурулар (төмендегі ағзалар тәуекел аумағында болады: қуықасты безі, өңеш, тамақ, сүт безі, тік ішек).
  4. Асқазан мен ұлтабардың ойықжарасы.
  5. Жүрек-тамыр жүйесінің аурулары (инфаркт, инсульт және т.б.).
  6. Панкреатит.
  7. Жүйке жүйесінің бұзылуы.
  8. Эндокринді жүйенің бұзылуы.

Алкоголизмді алдын алудың әдісі ретінде, бұл адам тұлғасының алкогольдың өмірдегі құндылық болып табылмайты туралы түсінігінің қалыптасуы болып табылады. Адаммен алкогольды қабылдаудың зияндылығы мен осыдан бас тартудың жақсы жақтары жайлы тілдесу қажет.

Рационалды тамақтанудың негізгі принциптері:

  1. Көкөніс пен жемістерді қабылдау күніне 400г кем емес болуы тиіс.
  2. Алмастыру:

— қанық емес сұйық майлармен (зәйтүн, күнбағыс, және т.б.) немесе жұмсақ маргариндермен байытылған қою майлармен (жануарлардың майлары).

— балықтың, құстың майлы немесе майлы емес етімен, қара етпен. Қара мал етін, шұжықтарды аз мөлшерде қолдану немесе олардан толық бас тарту.

  1. Майлылық үлесі төмен сүтті және сүт тағамдарын қолдану (айран, майлы емес қышқылды өнімдер, йогурттар мен ірімшіктер).
  2. Күніне қантты 60 г көп емес, йодталған тұзды тәулігіне 4-6 г көп емес мөлшерде, темірмен және фолий қышқылымен байытылған ұнды пайдалану.
  3. Әр тамақ ішу кезінде нанды, дәнді азықтарды, макаронды бұйымдарды, күрішті немесе картопты күніне бірнеше рет пайдалану.
  4. Міндетті таңғы және түскі аспен тамақтану тәртібін сақтау.

Дене белсенділігі — кез-келген әрекет түрін орындау барысындағы адам ағзасының бұлшық ет жұмысының мөлшері мен қарқындылығы. Күнделікті еңбек бұлшық ет топтарының бірнешеуін ғана жұмысқа енгізеді. Дене тәрбиесімен айналысу негізінде барлық дене мүшелерін әрекетке қосады.

Күн сайынғы 15–20-минуттық жаттығулар қартаю процессін тоқтатуы мүмкін.   Жалпы шынығумен жүйелі және ұдайы түрде, көп жылдарға физикалық және психологиялық тұрғыда денсаулықты қамтамасыз ету үшін негізінде бір уақытта айналысу қажет.

Жүктеме түрін сауатты таңдау төмендегілерге мүмкіндік береді:

  • Ағзаның барлық жүйелерінің, иммуннды, эндокриннды, ОНЖ және басқалардың  үйлесімділігін қамтиды, маңызды аурулардың дамуына жол бермейді;
  • Бұлшық еттерді нығайтады және олардың ұдайы қалпын сақтайды;
  • Дене бітімін жақсартады;
  • Көп жылдарға буындардың қозғалуын, сүйектердің беріктігін және байламдардың созылғыштығын сақтайды, остеопороздың пайда болуынан қорғайды;
  • Денсаулықтың жалпы жағдайын қажетті деңгейде ұстайды;
  • Стресстерге төзімділікті ұлғайтады.