Карантиндік, аса ерекше инфекциялардың және туберкулездің алдын алу туралы.

 

Күйдіргінің алдын алу шаралары:

— Ілеспе құжаттарынсыз (ветеринарлық анықтамалар мен т.б.), белгіленбеген сауда орындарынан жануар тектес өнімдерді сатып алмаңыз;

— Сырқаттың алғашқы белгілерінде медициналық көмекке дереу жүгіну қажет.

              Жануарлар иелерінің назарын мынаған аударамыз:

Жануарларды соймас бұрын жануардың тексеруін жүргізу үшін  мал дәрігерін міндетті түрде шақыру қажет;

— Егер де сіздің жануар ауырып немесе арам өлсе, осы туралы ветеринария мекемелеріне шұғыл хабарлау қажет;

— Ауырып қалған жануарларды ешбір жағдайда союға, сондай-ақ, арам өлген жануарларды өздігінен көмуге болмайды.

Туберкулездің алдын алу шаралары:

— туылған кезде БЦЖ міндетті түрде вакциналау және 6-7 жасында қайта вакциналау.

— Тұрақты флюорографиялық тексеру.

— Толыққанды тамақтануды, дене белсенділігін, шылым шегуден, ішімдік пен есірткіні қолданудан бас тартуды қамтитын салауатты өмір салты.

— Жеке гигиена ережелерін сақтау (жөтелген және түшкірген кезде майлықтарды немесе қол орамалын пайдалану қажет).

— Емдеудің толық курсын аяқтаумен, уақытылы диагностика және емдеу.