Кенелер және масалар тарататын инфекциялық сырқаттардың алдын алу.

Кенелер тістеген кезде таралатын сырқаттардың алдын алу шаралары (кенелік энцефалит, Лаймсырқаты мен басқалары):

— орманға, паркта қыдырған кезде ұзын жеңдері бар киім мен шалбарды киіңіз;

— сыртқы киімді шалбарға, ал шалбарды шұлықтың ішіне салыңыз;

— бас киім киіңіз немесе капюшонды пайдаланыңыз;

— серуен кезінде әр 1-2 сағат сайын және үйге келген соң, киіміңізді және дененің ашық бөліктерін тексеріңіз;

— кенелерге қарсы химиялық қорғаныс құралдарын пайдаланыңыз (репелленттер);

— күн түсетін, құрғақ алаңқайларға, соқпақтардан және бұтақтардан кемінде бір метр қашықтыққа орналасыңыз;

— егер де кене қадалса, оны іскек немесе жіп ілмегінің көмегімен өзіңіз дереу алып шығыңыз, ал үйге келген соң, дәрігерге жүгініңіз.

Масалар шаққан кезде таралатын сырқаттардың алдын алу шаралары (малярия, Батыс Ніл безгегі және басқалары):

— үй-жайларда электр фумигаторларды пайдалану;

— терезелерді москит тормен қорғау;

— үркіткіштерді пайдалану, ашық кеңістікте болғанда қонуға арналған орынды мұқият таңдау, ағыссыз суы бар су қоймаларынан аулақ болу;

— саяжай телімдерінде суы бар бөшкелерді тығыздап жабу немесе оған полиэтилен қабықшаны тарту. Бөшкедегі суды аптасына бір реттен сирек емес ауыстырған дұрыс. Бұл ереже басқа шаруашылық қажеттіліктеріне су құюға арналған су ұзақ сақталатын кез келген ыдыстарға таратылады. Жеміс-көкөніс дақылдарына су құйған кезде су шұңқырларда жиналмауын және шалшықтар пайда болмауын қадалаған жөн;

— масалар санын азайту үшін шөпті тұрақты түрде шабу қажет.