Мемлекеттік қызметтерді ұсыну бойынша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті осы хатпен мынаны хабарлайды.

«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 217 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 23 қазандағы  № ҚР ДСМ – 28 бұйрығы  (бұдан әрі – Бұйрық) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17746 болып тіркеліп, ҚР Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде  а.ж. 21 қарашада ресми жарияланды.

Бұйрыққа сәйкес объектілерге, жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру мерзімі — 10 жұмыс күніне,  І-ІV патогенді топтардың микроорганизмдерімен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беру мерзімі — 10 жұмыс күніне, тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру мерзімі — 5 жұмыс күніне, тамақ өнімінің жарамдылық мерзімдерін және оны сақтау шарттарын келісу туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру мерзімі — 7 жұмыс күніне, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлік беру мерзімі — 5 жұмыс күніне қысқартылғанына назар аударамыз.

Сонымен қатар, аталған мемлекеттік қызметтерді көрсетуде кеңсе арқылы құжаттарды қабылдау және қызметтер нәтижесін беру алынып тасталды, қызметтер «электрондық лицензиялау» порталы арқылы  жүргізілуі тиіс.