Павлодар облысында дезинсекциялық шараларды ұйымдастыру мен өткізу туралы.

 

Павлодар облысының территориясы шыбындардың көп таралған ауданына жатады. Бұл, адамдар мен жануарларға қолайсыздық тигізетін сары масалар мен шіркейлер.

Сары масалар мен шіркейлер – қан сорғыш шыбындар, олар адамдар үшін инфекциялық ауруларды тасымалдайтын қауіп төндіреді: безгек, Денге лихорадкасы, москитті лихорадка, Зика лихорадкасы, туляремия және т.б.

Шыбындардың таралуына қолайлы жағдай жасайтын шарттар мен орындар:

-су тасқыны кезіндегі өзен маңы (жыл сайын сәуір айының ортасынан бастап);

-су тасқынының ұзақ мерзімді болуы (жыл сайын сәуір айынан бастап масымға дейін);

-судың ұзақ мерзім бойы тартылмауы (масымның ортасына дейін);

-судың көп мөлшерде таралуы;

-су орындарының көп мөлшері.

Ағымдағы жылы шіркейлерге қарсы өңдеулер барлық жағалау маңы аудандарын қамтумен (бұрын өңдеулер тек Павлодар қаласының деңгейінде ғана жүргізілетін) Ертіс өзенінің бойында жүргізіледі.

Шыбындарға қарсы өңдеудің табысты өтуі барлық жұмыстардың 70 % құрайтын өңдеудің уақытында және сапалы өткізілуіне байланысты.

Осы тәрізді жұмыстардың тиімді мерзімдері: 2-3 деңгейдегі жұмыртқалардың пайда болуы (дәл осы кезеңдерде шыбын жұмыртқалары уға төзімді).

Жағалау аудандарында шыбындарға қарсы өңдеулерді бюджет есебінен жүргізу қаралмаған.

Өңдеулерді шыбындар көптеп шыққанға дейін 2-3 күн бұрын жүргізу ұсынылады, қайта өңдеулерді шыбындарға қарсы жүргізу көрсеткіштер бойынша іске асырылады.

Дезинсекциялық шаралардың тиімділігін жетілдіру мақсатында ұсынамыз:

  • Шыбындардың шығуын ескерту үшін мерзімді гидромелиоративті шараларды жүргізу (ұсақ су қорларын жабу, дренаж жүйелерін тазарту, жағалауды көркейту);
  • Адамдардың қан сорғыш жәндіктерден зардап шегулеріне (аллергиялық реакциялар) байланысты медициналық көмекке жүгінулеріне талдау жүргізу, шұғыл шаралар қолдану үшін мал мен құстың өлімі;

Халық, жеке секторлар арасында шыбындардың пайда болуына жол бермеу мақсатында су сыйымдылықтарын жабық күйінде ұстау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын атқару.