Педикулездің алдын алу

Педикулез (биттеу) – адам денесінде және киімінде паразиттік жолмен тіршілік ететін ұсақ жәндік – биттер тудыратын  паразиттік ауру. Бит бастың шаш бөлігінде, әсіресе самайында, желкесінде және төбесінде өмір сүріп, көбейеді. Бастың биті 40 күнге дейін өмір сүреді.

Зақымдану қандай жолмен беріледі?

Ең алдымен, биттеген адамдармен, яғни, бала-бақшада, мектепте, лагерьде, адам толы көлікте жақын қарым-қатынаста болғанда, киімді, төсек жабдықтарын, бас киімді, тарақты және басқа да жеке бас заттарды бірге қолданғанда жуқтырып алу мүмкін. Кейбір жағдайда, битпен зақымданған адамдармен қарым-қатынаста болған, таза жүретін адамдарда  да кездезеді.

Педикулездің негізгі белгілері:

зақымдалған тері бөлігінің қышуы;

— бірнеше күннен соң  бит шаққан жарде қасыну басталады;

— шашта сіркелердің болуы.

Педикулездің алдын алу шаралары, негізінен, гигиеналық ережелерді сақтау болып табылады:

— жеке бас гигиенасын сақтау;

— жүйелі түрде  іш киімдер мен төсек жаймасын ауыстырып отыру (7-10 күн сайын);

— сонымен қатар, төсек жаймасын жоғары температуралы сумен жуу керек (бөгде адамдардың төсек жабдықтарын жумау);

— киім-кешекті мұқият түрде үтіктеп отыру(әсіресе тігістерін);

— бөгде адамдардың бас киімдерін кимеу, жақсы танымайтын адамдардың жеке заттарын пайдаланбау;

— бас қышыған жағдайда шашты мұқият қарау;

— бөлмені тұрақты түрде тазалап, үй жиҺаздарын тазалау.

Педикулездің алдын алуы мен онымен қарсы күресуде халыққа медициналық көмек көрсетудің барлық сатысында (емханаларда, стационарларда, ұйымдасқан балалар ұжымдарында және т.б.) биттеуді белсенді түрде анықтау маңызды орын алады. Педикулезбен зақымданған ауруды уақытында анықтау және оны оқшаулау – аурушаңдықтың одан әрі таралмауының тиімді шарасы!

Бит бөртпе сүзек және кейбір қызба түрлерінің потенциалды таратушысы болып табылады. Сондықтан,  баланың басында бит анықталған жағдайда, дәрігерден кеңес алған жөн.

Педикулездің алдын алу мақсатында, отбасы мүшелерін де профилактикалық залалсыздандырудан өткізу қажет.

Педикулезге қарсы заманауи препараттардың түрлері көп және олар гель, шампунь, ласьон, аэрозоль және сықпа май түрінде болады. Препараттарды қолданар алдында оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарымен танысу қажет.