Пестицидтер және улы химикаттар

Пестицидтер егінді  зиянкестерден, арамшөптерден, саңырауқұлақтар мен кеміргіштерден қорғау үшін қолданатын улы заттар болып табылады. Пестицидтер өз тапсырмасын жақсы орындағанымен адам денсаулығына өте қауіпті. Көптеген зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес оның бас миы, сүт бездері, өкпе, бүйректердің қызметіне кері әсерін тигізіп, асқазанның қатерлі ісігіне әкеліп соғуы мүмкін. Осыған байланысты пестицидтермен жұмыс жасау барысында келесі ережелерді сақтау қажет:

  1. Химиялық заттарды (пестицидтерді) герметикалық жабық ыдыстарда сақтау және тасымалдау;
  2. Пестицидтерді арнайы қоймаларда сақтау;
  3. Пестицидтерді әзірлеу және қолдану жұмыстарын жүргізуге балаларды, науқастарды, жүкті және емізетін әйелдерді жібермеу;
  4. Жұмыс басталар алдында пестицидтерді себетін құрылғылардың жұмыс жасап тұрғандығын тексеру;
  5. Пестицидтерді әзірлеуге қолданылған ыдыстарды басқа мақсатта пайдаланбау;
  6. Пестицидтермен жұмыс жасайтын адамдардың қорғаныш құралдармен қамтамасыз етілу (арнайы киім, резеңкелі қолғаптар мен аяқ-киімдер, респиратор, герметикалық көзілдірік);
  7. Пестицидтермен жұмыс жасау барысында шылым шекпеу, тамақ пен ішімдік ішпеу. Жұмыс басталмай тұрып немесе жұмыс кезінде ішімдік ішкен адамға пестицидтің улы әсері 10 есе артады, сол себепті ішімдік ішуге қатаң тиым салынады
  8. Су көздері мен ауыз судың ластануын болдырмау;
  9. Тамақ пен жемге түсуін болдырмау;
  10. Жаңа өңделген егістікке малдың жайылуын болдырмау;
  11. Пестицидтермен жұмысты аяқтағаннан кейін киімдерді шешіп, бет пен қолдарды сабынмен жуып, ауызды сумен шайып, мұрынды тазалап, душ қабылдаған жөн.