Сальмонеллез және оның алдын алу шаралары

Павлодар ауданында сальмонеллез арушаңдығының  эпидемиологиялық жағдайы тұрақты.

Жас ерекшеліктері бойынша аурушаңдылық ересектер арасында тіркелген. Сальмонеллезбен ауырған адамдар арасынан алынған сауалнама бойынша,  басты берілу жолдарының себептері: үй жағдайында дайындалған азық — түлікті дұрыс сақтамағандықтан – 93,8%, белгіленбеген сауда орындарынан сатып алынған – 0,8%, жеке гигиенасын сақтамағандықтан– 5,4%.

Сальмонеллез аурушаңдылығының туындауының негізгі себебі  дайын ет өнімдер мен құс өнімдерін қолданудан болып отыр.  Тағам өнімдеріне шикізат және дайын өнімдердің «тауарлық» принципі бұзылғанда, тағамды жеткіліксіз кулинариялық залалсыздырғанда, ас үйді залалсыздандыру және жеке бас гигиенасы ережелерін сақтамағанда жұғады.

Жұғу көзі — жануарлар, көбінесе үй жануарлары (ірі қара мал, шошқалар, мысықтар, иттер), құстар, сонымен қатар сальмонеллезбен ауырған адамдар немесе сау инфекция тасымалдаушылары  айналасындағы адамдарға жұқтыру көзі болып табылады, бірақ өзі ауырмайды.

Сыртқы ортада сальмонеллалар ұзақ уақыт өмір сүреді: ашық су қоймаларында және топырақта 5-18 айға дейін, тағам өнімдерінде көптеген күндер мен айлар, ұзақ уақыт мұздалған етте, сүт өнімдерінде 2 айға дейін, өнімдердің органолептикалық қасиетін өзгертпейді. Сальмонеллалардың көбеюіне қолайлы +30°С,+37°С. +5°С–тан төмен температурада сальмонеллалардың өсуі толық тоқтатылады. Сальмонеллалардың көбеюі +50°С-тан жоғары температурада тоқтатылады, 60°С –қа дейін ыстықтан бактериялар бір сағаттан кейін өледі, 70°С —  30 минуттан кейін,  80°С — 10 минуттан кейін, қайнатқанда — бірден өледі.

Көптеген жағдайда сальмонеллез ас қорыту мүшелерін зақымдаумен және жалпы интоксикация белгілермен өтеді.    Инкубациялық кезең тамақ арқылы  жұқпағанда  6 сағаттан 3 күнге дейін (12-24с. көбінесе) ауытқиды. Әлсіздік, науқастану, дене қызуынын көтерлуі тәбетсіздік, лоқсу, құсу, іш ауру, жиі іш өту пайда болады. Медициналық көмек көрсету кезінде, науқас дәрігерге қаралуы қажет, үш күн бұрын қайдай тамақтан екенін, анықтап айтып бергендеғана аурушаңдықты байқау мүмкін.

Сальмонеллез инфекциясының профилактикасы туралы айтқанда,   келесі негізгілерін атаған жөн:

— тағамға етпен құймалы сүтті, жұмыртқаны қолданғанда санитариялық-ветеринарлық қадағалау анықтамасынсыз қолдануға болмайды

— сүтті міндетті түрде қайнату қажет,  құс жұмыртқасын ұзақ жылу өңдеу қажет

— ұшаны бұзу алдында және бұзғанда қолды сабынмен мұқият жуу қажет;

— дайын   өнім мен шикі зат өнімдерін бөлек сақтау және бұзу қажет;

— шикізат өнімдерін өңдегеннен кейін пышақтармен бұзған құрал-жабдықдарды мұқият жуу және қайнаған ыстық суға салып алу қажет;

— азық-түліқ өнімдерін тоңазытқышқа +60С ,+80С сақтау  қажет;

— жаңа дайындалған тағамды алдыңғы күні қалғандармен араластыруға болмайды;

— тазалық пен жеке гигиенаны сақтау қажет

Сіздерге және жақындарыңызға денсаулық тілейміз!