Семіздік неліктен қауіпті?

Семіздік— қазіргі заманның ең үлкен мәселесі болып табылады. Дене салмағының жоғарылауы кез-келген жастағы адамдарда байқалады, бұл ағзаның дұрыс жұмыс жасауына, әсіресе жүрек-қантамыр жүйелері жұмысына кері әсерін тигізеді.

Семіздік тек косметикалық ақау емес. Ең алдымен бұл ауру. Кез келген ауру түрлері сияқты семіздіктен туындаған асқынушылықтарды жойғаннан гөрі алдын алу оңайырақ.

Теориялық жағынан, кез келген адам семіздікке ұшырайды. Бірақ семіздікке шалдығу қаупі жоғары және басқаларға қарағанда ауыр өтетін адамдар тобы бар. Олардың ішінде:

— тұқым қуалаушылық жолымен берілуі мүмкін ата-анасының, туыстарының біреуі немесе екеуі де дене салмағының жоғарылауымен зардап шегетін адамдар;

— аз қозғалысты өмір сүру салтын ұстанатындар;

— тамақты қомағайлана көп және дәмді жейтіндер;

— эндокриндік жүйенің, асқазан-ішек жолдарының ауруларынан зардап шегетіндер;

— дене салмағының жоғарылауы әсерінен асқынатын аурулардан зардап шегетіндер (гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, тыныс алу жетіспеушілігі бар өкпе ауруы);

— кәсіби немесе тұрмыстық себептерге байланысты тұрақты күйзеліске ұшырағандар;

— белгілі бір өмірлік немесе физиологиялық кезеңдегі адамдар: жүктілік, лактация, менопауза, кәрілік;

— семіздікке алып келетін гормондық, психотропты препараттарды, контрацептивтерді қабылдауға мәжбүр адамдар;

Семіздіктің алдын алудың негізгі шаралары:

— үйлесімді тамақтану;

— алкогольді тұтынуды шектеу;

— дене белсенділігі;

— режимді қалыпқа келтіру және психоэмоционалды жағдайды жақсарту;

— үйлесімді ауруларды емдеу.

Осы барлық алдын алу іс-шараларын жүргізу белгілі бір ережелерді, қағидаларды және тіпті шектеулерді сақтауды талап етеді.

Семіздіктің алдын алу кез-келген жаста қажет, әйтпесе бала кезден зат алмасу жүйесін бұзып, артық салмақтан және артық салмақ әсерінен туындайтын өзге де аурулардан зардап шегуіңіз мүмкін.