Сүт қышқылды өнімдердің пайдасы туралы

Сүт қышқылды өнімдері ересектер үшін және балаларға да пайдалы екенін барлығы да біледі. Осы өнімдер пайдалы болып саналуының себебі-бұл құрамында пробиотиктердің және басқа да пайдалы заттардың болуы.

Адамның есеюіне байланысты кейбір адамдар сүтті қантты-лактозаны көтере алмайтын белгілерді сезінуі мүмкін.  Ал сүт қышқылды өнімдерің құрамындағы сүт қышқылды бактериялар сүтті қант пен ауыр қорытылатын ақуыздардың сіңуіне ықпал ететін заттарды бөледі. Сонымен бірге сүт қышқылды өнімдер сүтпен бірдей ағзаны жүрек-тамыр, сүйек және жүйке жүйесін толығымен ақуызбен және кальциймен қамтамасыз етеді.  Осы негізде бұл өнімдердің құрамындағы кальций фосформен және оның жақсы сіңуіне ықпал ететін басқа да элементтермен бірдей дәрежеде болады.

Сүт қышқылды өнімдерді қолданған соң бірнеше аптадан кейін ішекте алмасу процесстері реттеледі, бауыр мен бүйректің жақсы жұмыс істеуі қалпына келеді. Сүт қышқылды өнімдерді пайдалануды ішек микрофлорасын реттеу үшін, дисбактериоз, іштің қатуы, шаншу, ауыр металлдармен улану кезінде ұсынылады. Сонымен қатар оларды антибиотиктермен емделу курсы кезінде қолдану пайдалы. Олардың көмегімен антибиотиктердің ішектің пайдалы бактерияларына кері әсер етуін азайтуға болады.

Сүт қышқылды өнімдер міндетті түрде балалардың, жүкті әйелдердің, науқастанудан кейін адамдардың, сонымен бірге қарттардың тамақтану рационында болу қажет.