Тиiмдi тамақтану

 Тиiмдi тамақтану (латын тiлiнде rationalis — «ақылды, естi» дегендi бiлдiредi) — бұл денi сау адамдардың олардың жынысын, жасын, еңбек ету сипатын, мекенiнiң ауа- райы ерекшелiктерiн ескере отырып физиологиялық тұрғыдан толық құнды тамақтануы.

Тиiмдi тамақтану денсаулықты сақтауға, қоршаған ортаның зиянды факторларына қарсы тұру қабiлетiн жақсартуға, физикалық және ақыл ой жұмыстарының дәрежесiн арттыруға, белсендi ұзақ өмiр сүруге ықпал етедi.

Тиiмдi тамақтанудың мәнi үш негiзгi қағидадан тұрады:

  1. тағам арқылы ағзаға келiп түскен қуат мөлшерi мен өмiр сүру барысында қолданылатын қуат мөлшерiнiң тепе-теңдiгi
  2. ағзаның тағамдық заттар қатынасы,  белгiлi бiр көлем, сапалық құрамы жағынан қажеттiлiктердi қанағаттандыру.
  3. тамақтану тәртiбiн сақтау

Қазiргi заманның ғылым жетiстiктерi, тамақтану сипатын және тәртiбiн өзгерте отырып ағзаның зат алмасу қызметiне, бейiмделу мүмкiншiлiктерiне, яғни қартаю үрдiстерiнiң бағыты мен жылдамдығына қолайлы әсер ететiнiне куә. Тиiмсiз тамақтану және тамақтану тәртiбiн бұзу — әртүрлi аурулардың маңызды көзi.

Тиiмсiз тамақтану атеросклероз, жүректiң ишемиялық аурулары, гипертониялық аурулар, қант диабетi, подагра, өт тас аурулары, бауыр және көкбауыр ауруларының дамуында үлкен роль атқарады.

Пайдалы немесе зиянды азық-түлiктер болмайды, ағзаға барлық тағамдық заттектер қажет: ақуыздар да, майлар да, көмiрсулар да, дәрумендер және минералдық тұздар. Асқазан солiнiң әсерiнен олар азық – түлiктен босап шығып, қанға өтедi, қан арқылы барлық мүшелерге тарайды, бұл жерде жасушалардың әртүрлi элементтерiн құрастыруға, қайта құрылуына, адамдармен жұмсалған қуатты толықтыруға кетедi.

Йодталған өнiмдердi пайдалануды йод тапшылығына шалдығуды жою мен болдырмаудың кезек күттiрмейтiн шаралары ретiнде қарау қажет.  Йод тапшылығын бiржолата жою мүмкiн емес. Йод – бұл гормондарды өндiрету үшiн қалқанша безiне үнемi керек шығару материалы. Йод жоқ болса, гормон да жоқ. Сондықтан, йодты аз мөлшерде үнемi пайдаланып отыру әр адамның дағдысына айналу қажет.