Туберкулездің алдын алу

Туберкулез – жұқпалы ауру, ол адам ағзасына туберкулездің микробактериялары енгенде дами бастайды. Туберкулезбен ауыратын адам және оның шығындылары, әсіресе қақырығы негізгі жұқпа көзі болып табылады. Туберкулезді ауру адам жөтелгенде, түшкіргенде, қатты сөйлегенде жұқтыру мүмкін.

Аурудың ерте анықталуы туберкулезді емдеудің ең маңызды шарты болып табылады.

Туберкулездің негізгі белгілері:

  • 2 аптадан астам уақыт жөтелу, қақырық шығару;
  • Дене салмағының кемуі;
  • Түнгі терлеу;
  • Дене температурасының 37,00 С-37,90 С көтерілуі (әсіресе кешке);
  • Жалпы әлсіздік, тез шаршау;
  • Кеуде ауруы.

Ауруды дер кезінде және нақты анықтау үшін науқасты тексеру қажет. Қазіргі кезеңде ауруды анықтаудың ең сенімді әдістері: бактериологиялық (қақырықты зерттеу), балалар мен жасөспірімдерде Манту сынамасын енгізу, рентгенологиялық.

Туберкулез –әлеуметтік және медициналық проблема, сондықтан туберкулездің алдын алу үшін әлеуметтік және медициналық бағытта бірқатар іс-шаралар кешені өткізіледі.

Туберкулездің алдын алу мыналарға бөлінеді, тікелей ауру қоздырғышына бағытталған — ерекше (вакциналау) әдісі және сау адамдар арасында аурудың алдын алуға бағытталған – санитарлық әдісі.

Вакциналау әлемнің 118 елінде өткізіледі және туберкулездің алдын алудың негізгі нұсқасы болып табылады. Вакциналау перзентхананың екпе егу кабинетінде, бала анасының жазбаша рұқсаты алынып өткізіледі.

Бірақ, вакциналау ауыру мүмкіншілігін толығымен жоймайды, сондықтан ата-аналар туберкулездің алдын алу бойынша басқа да шараларды қолдану қажет: баланы жұқтырудан қорғау, дұрыс дене тәрбиесін өткізу, тиімді тамақтандыру, бала ағзасын шынықтыру.

Санитариялық алдын алуға мыналар енеді: науқаспен санитариялық-гигиеналық ережелерді сақтау.

Халықты флюрографиялық әдісімен тексеру туберкулезді анықтаудың негізгі әдісі болып табылады. Ересек адамдар мәселені жете түсініп, флюрограиялық тексеруден жүйелі түрде өту қажет.

Әйелдерде жүктілік пен туберкулез ауруының қабысуы әйелдің репродуктивті денсаулығының нашарлануына және иммунитеттің әлсізденуіне әкеліп соғады. Жүктілік, босану және босанудан кейінгі кезең белсенді емес туберкулез ошақтарының пайда болуы мен асқынуына соқтыру мүмкін. Әйелдер бала туғаннан кейін бір ай ішінде міндетті түрде флюрографиялық тексеруден өту қажет.

Туберкулездің алдын алу шаралары:

  1. Міндетті түрде туғанда вакциналау және 6-7 жаста қайта вакциналау.
  2. Саламатты өмір салтын ұстану, тиімді тамақтану (тамаққа ет, сүт өнімдерін, балық, астық тектес өсімдіктерді, көкөніс пен жеміс-жидекті қажетті деңгейде қабылдау), жүйелі түрдегі физикалық белсенділік, толық демалу (қажетті мерзім ұйықтау), шылым шегуден, ішімдік ішуден және есірткіден бас тарту, таза ауада жиі серуендеу, үй-жайды жиі желдету.
  3. Жеке гигиена ережелерін сақтау (жөтелу және түшкіру кезінде майлық немесе қол орамалмен қолдану қажет).
  4. Туберкулезді дер кезінде диагностикалау және емдеу.
  5. Жүктілікті жоспарлау.
  6. Бала туғаннан кейін флюрографиялық тексеруден дер кезінде өту.

 

Туберкулез – бұл әлеуметтік проблема, оны толығымен медицина қызметкерлерінің арқасына жүктеуге болмайды. Әр адам өз денсаулығына жеке жауапкершілікпен қарамаған, халық өмірінің лайықты болуы үшін әлеуметтік кепілдік болмаған жағдайда, туберкулез ауруы келешектің басты қауіп-қатері болып қалуы мүмкін.