Хабарландыру

Павлодар облысында

«Сібір жарасының алдын алу бойынша”

айлық өткізу туралы

  

         2019 жылғы 29 сәуір мен 29 мамыр аралығында Павлодар облысы аумағында сібір жарасының алдын алу, індетке қарсы және эпизоотологиялық іс-шараларды күшейту мақсатында айлық жарияланды.

Айлық шеңберінде сынып сағаттары, сайттардағы ақпараттар, диктанттар жазу, БАҚ-та сөз сөйлеу, сондай-ақ сібір жарасының алдын алу бойынша халық арасында адамдар көп жиналатын орындарда парақшалар мен жадынамалар тарату арқылы санитарлық-ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу тәрізді бірқатар шаралар ұйымдастырылады.

 

 

Павлодар ауданының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы