Шетелге шығатын туристер арасында жұқпалы аурулардың алдын алу

Еңбек демалыстары мен каникул кезеңі жақындап келеді және осы уақытта ыстық тропикалық елдерде демалуға, жылы теңізде шомылуға өте сәнді болды.

Алайда, тропикалық елдерге саяхатқа шығар алдында кейбір елдерде ауыр клиникалық ағымымен, организм жүйесі және өмірде маңызды ағзаның зақымдануымен сипатталатын инфекциялық  және паразитарлық ауруларды жұқтыру және ақырында  өлім жітіммен аяқталу мүмкіндігі бар екенін білуіңіз қажет.

Сондықтан, саяхатқа шығар алдында Сіз міндетті түрде сапарды ұйымдастырған туристік фирмада нұсқаулықтан өтуіңіз  және аумақта тартылған инфекциялық  және паразитарлық аурулардың алдын алу шаралары бойынша жаднамаларды алуыңыз қажет.

Үрейді ұшыруға емес, жағымсыз жағдайларға тап болмау үшін Сізге инфекциялық  және паразитарлық ауруларды жұқтырумаудың негізгі шараларын білуіңіз қажет. Өз денсаулығыңызды сақтап қалу үшін келесім қарапайым ережелерді сақтаныңыз:

  • Жануарлар көптеген жұқпалы аурулардың көзі болып табылатындықтан, демалыс кезінде жануарлардан ерекше сақтану керек. Сізге таныс емес жануарларға, мысықтар мен иттерге жоламаңыз! Олар барлық елдерде қауіпті.
  • Ішуге сапасы кепілденген бөтелкедегі немесе қайнатылған суды, сусындарды, өнеркәсіпте өндірілген шырындарды қолданыңыз. Жеміс жидектерді тек қайнаған немесе бөтелкедегі сумен жуу керек. Тамақтанған кезде асханалық ыдыстарды, сондай-ақ суды және сусындарды жеке өзіңіз ғана қолданыңыз.
  • Арнайы су айдындарында, бассейндерде шомылыңыз.
  • Сіз тұратынбөлмеге масалардың ұшып кіруін бақылаңыз (москиттік торлар, инсектицидтік дәрілер).
  • Қолды өңдеу үшін әртүрлі дезинфекциялық құралдар болуы қажет (салфеткалар, спреи және т.б.).
  • Шыбын-шіркейлердің шағуынан сақтаныңыз: ымырт және кешке серуенге шыққанда жеңі ұзын киім, шалбар, ұзын көйлек кию қажет. Дененің ашық жерлеріне  репеленттерді (жәндіктерді қорқытатын) қолдану керек.
  • Келгеннен соң денсаулық жағдайыңыз төмендеген жағдайында жедел дәрігерге жүгініңіз.

Ең бастысы, Сіз және Сіздің жақындарыңыздың денсаулығы туралы өзіңіз  сияқты ешкім ойламайтынын есте сақтаған жөн. Жолдарыңыз болсын!