Қан айналым жүйесінің аурулары

Заманауи медицинаның көкейкесті проблемаларының бірі қан айналым жүйесінің аурулары (әрі ҚАЖ) болып табылады.  Бұл аурулар сырқаттанушылықта, мүгедектікте, өлімде жетекші орын алады.

Халық денсаулығына түрлі факторлар ықпал етеді: өмір сүру шарты, тамақтану үлгісі, өз ауруларың туралы білу, сонымен қатар кірістің мөлшері, білімі, еңбек шарттары мен шылым шегудің кең түрде таралуы, алкогольды ішімдіктерді пайдалану, аз қозғалмалы өмір салты, өз денсаулығыңа деген мотивацияның болмауы.

Жүрек-тамыр жүйесі ауруларының тобын атеросклероз, гипертониялық ауру, жүректің ишемиялық ауруы, жүрек қабыну аурулары, сонымен қатар тамыр аурулары құрайды. Осы негізде атеросклероз, жүректің гипертониялық ауруы мен ишемиялық ауруы (ИЖА) баарлық әлемде көп таралған және өлімге тән.

Атеросклероз — майлы немесе аққуызды алмасумен байланысты ірі немесе орташа артериялардың созылмалы ауруы (эластикалық және бұлшық ет-эластикалық үлгісінің).

Гипертониялық ауру — ұзақ уақыт бойы немесе тұрақты артериялық қан қысымының (АҚ) жоғарылауымен пайда болған созылмалы ауру — систолиялық 140 мм рт. ст. жоғары немесе диастолиялық — 90 мм рт. ст. жоғары.

Ишемиялық немесе коронарлы жүрек ауруы — коронарлы қан алмасудың абсолютты немесе қатысты жетіспеушілігінен туындаған аурулар тобы.

Қан айналым жүйесінің аурулары мен олардан асқынулардың алдын алу үшін 6 ережені орындау қажет:

  • Артериялы қан қысымын емдеудің тиімділігін бақылау
  • холестерина деңгейін бақылау және қалпына келтіру
  • дұрыс тамақтану
  • дене еңбегі қажет
  • шылым шекпеу немесе тез тастау-бұл қиын емес
  • ұзақ стресстерден арылуға тырысу .