Құтырма ауруы және оның алдын алу

 

Құтырма ауруы – жануарлар мен адамдардың табиғи – ошақты ауруы.

Ауру көзі – құтырмамен ауырған жабайы және үй жануарлары.

Құтырма вирусын жұқтырғандар сөзсіз өлімге әкеп соқтырады, сондықтан да әрбір адам жадында сақтау қажет. Құтырма емделмейтін ауру.

Аурудың берілу жолдары:

Тістеген кезде жарақаттың сілекейленуі мен тырналуы арқылы

Адам организміне вирус енгеннен кейін аурудың басталуы 3 күннен бір жылға дейін созылуы мүмкін.

Жануармен тістелген, сілекейленген кезде не істеу қажет?

  • Зақымдалған жерді су сабынды ерітіндімен жақсылап жуу қажет.
  • Жануарлардың кесірінен болған кез-келген жарақат кезінде медициналық көмекке жүгініңіз.
  • Дәрігермен тағайындалған, құтырмаға қарсы егу курсын алу.

Зардап шегушіні дер кезінде вакцинациялау, құтырма ауруының ең басты ескертуі болып табылдаы.

Тістеп алған жануарды мал дәрігері 10 күнге бақалауға алады, егерде 10 күн бақылауға алынған жануар сау болатын болса, онда мал дәрігерімен жануардың сау екендігі жөнінде анықтама қағаз беріліп, хирург дәрігерге көрсеткетіліп, антирабиялық егу курсы тоқтатылады. Жануарды бақылауға алу, барлық жағдайда мүмкіндік болмағанда (өліп қалған, өлтірілген, қашып кеткен немесе жануардың  қожайыны болмаған жағдайда) егу жұмысы кестеде көрсетілген сызбаға сай (6 егу курсы) жүгізіледі.

Жануарлар арасында құтыру ауруының алдын – алу: үй жануарларының арасында құтыру ауруының алдын – алу мен оның таралмауы үшін, (ит, мысықты,  және үй жануарларын) міндетті түрде құтыру ауруына қарсы егу қажет және ит пен мысықты ұстау ережесін сақтау қажет.

Кез-келген жануармен тістелген кезде, зардап шегуші міндетті түрде медициналық көмекке жүгінуі қажет.

Тек қана 6 екпе Сіздің өміріңізді сақтап қалады!