Өндірістік бақылауды жүргізу туралы

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық игілігі саласындағы өндірістік бақылау (әрі- Өндірістік бақылау) олардың атқаратын қызметіне сәйкес санитариялық ережелер мен гигиеналық норматвтер талаптарына сай санитаниярық-эпидемияларға қарсы (алдын алушы) шаралардың орындалуына жеке кәсіпкерлермен және заңды тұлғалармен жүзеге асырылады. Өндірістік бақылаудың мақсаты адам өмірі мен денсаулығына қауіпсіз өмір сүру шарттарын қамту, оның жолы санитариялық ережелер, санитаниярық-эпидемияларға қарсы (алдын алушы) шаралар, олардың орындалуына және ұйымдастырылуына бақылау жасау болып табылады.

Өндірістік бақылау объектілері: өндірістік, қоғамдық жайлар, ғимараттар, құрылғылары, санитариялық-қорғау алаңдары, жабдықтар, көлік, технологиялық жабдық, технологиялық процесстер, жұмыстарды атқаруға бағытталған жұмыс орындары, көрсетілетін қызметтер, шикізат, жартылай фабрикаттар, даяр өнім, өндіріс пен тұтыну шығындары.

         Өндірістік бақылауды жүргізу процедурасына енеді:

  • халықтың санитариялық-эпидемиологиялық игілігі саласындағы өндірістік бақылаудың бағдарламасын әзірлеу (әрі-Бағдарлама);
  • Санитариялық ережелермен орнатылған жағдайларда, басқа санитариялық жағдайлар мен гигиеналық нормативтермен орнатылған жағдайларда зертханалық зерттеулерді жүзеге асыру (ұйымдастыру):

— санитариялық қорғау аумағының шекарасында (өндірістік аумақта), жұмыс орындарында адам өмірі мен денсаулығына өндірістің ықпал етуін бағалау мақсатында;

— шикізатты, жартылай фабрикаттарды, даяр өнім мен олардың дайындалу технологиялары, сақталуы, тасымалдануы, сатылуы мен жойылуы;

3) медициналық тексерістердің ұйымдастырылуын, кәсіби гигиеналық дайындықты, әрекеттілігі тағам өнімдерімен байланысты (дайындалу технологиялары, сақталуы, тасымалдануы, сатылуы мен жойылуы) ұйымдардың лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің аттестациясы, балаларды оқыту мен тәрбиелеу қызметкерлерінің, халыққа коммуналды және тұрмыстық қызмет көрсету;

4) сертификаттардың, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылардың, медициналық кітапшалардың, шикізат пен даяр өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін дәлелдейтін құжаттардың болуына бақылау жасау;

5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық игілігі саласындағы факторларды бағалау, соның ішінде жаңа өнім түрлерінің адам мен қоршаған ортаға қауіпсіздігі, қызмет көрсету мен жұмыстарды атқару кезіндегі өнімдердің қоршаған ортаға зиянсыздығы мен қауіпсіздігі;

6) өндірістік бақылауды жүзеге асырумен байланысты сауалдардың есебі мен тіркелуін жүргізу;

7) Қазақстан Республикасының санитариялық-эпидемиологиялық қызметін, өзін –өзі басқару органдарын, халықты аппаттық жағдайлар, өндірістің тоқтауы туралы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық  игілігіне қауіп төндіретін технологиялық процесстердің бұзылуы туралы мерзімінде ақпараттандыру;

Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау мен бақылау органдарының сұранысы бойынша Өндірістік бақылаудың қорытындылары жайлы ақпараттарды ұсынады.

Өндірістік зертханалық бақылаудың аралығы қысқартылуы мүмкін, бірақ та өндірістік объектілерде нормалық көрсеткіштер бойынша екі реттен астам болмауы тиіс.