Адвокаттың заңды көмек

Әрбір адамның қорғауға құқылы екені белгілі. Бірақ барлығы бірдей адвокат нотариус немесе өзге құқықтық қорғау субъектісін жалдауға мүмкіндігі жоқ адамдарға бюджет есебінен заңды көмек ұсынылатынын білмейді.

ҚР Конституциясы және заңдарына сәйкес белгіленген ережелерге сәйкес азаматтық, әкімшілік және қылмыстық процесс барысында білікті заңды көмек алуға құқылы. Және осы негіздерде ҚР азаматтарына мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмек ұсынылады.

Берген заң көмегі:

Құқықтық ақпарат беру;

Құқықтық консультация беру;

Осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда және тәртіпте жеке тұлғалардың мүдделерін соттарда, қылмыстық ізге түсу органдарында, өзге де мемлекеттік органдарда және мемлекеттік емес ұйымдарда қорғау және білдіру;

Жеке сот орындаушыларының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындау бойынша «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен мәжбүрлеу шараларын қолдануы түрінде көрсетіледі.

Құқықтық ақпарат беру, құқықтық консультация беру, адвокаттардың жеке тұлғалардың мүдделерін қорғауы мен білдіруі «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар болып табылады.

Заңды көмекті көрсету келесі принциптерге негізделеді:

заңдылық;

мемлекетпен кепілдендірілген тегін заңды көмекке мұқтаж жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделері және бостандықтары, құқықтарының артықшылығы;

мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмек сапасы және тең қол жетімділігі;

мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмек көрсетілетін мәселенің құпиялылығын қамтамасыз ету;

мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмекті көрсету сапасы, мемлекетпен кепілдендірілген заңды көмек көрсететін адамдардың сақтауын бақылау және тиімді мемлекеттік реттеу.

 

Нурпеисов А.К., Павлодар аудандық

Әділет басқармасының басшысы,

 «ҚЗО» РҚБ Павлодар  филиалының мүшесі