Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және күзет

Бүгін күні әлемнінің нарығындығы ақша, бағалы қағаздар, алтын сияқты құндылықтарды тізімінде интеллектің соңғы нәтижесі — адам ойы болып табылады. Осында құн иесі, жоғалтудың тәуекелі жоғары болуы тиіс, өйткені ғасырлар бойы барлығы, бағалы сипаттағы заттарды тартып алу әрекеті жоғары, соған зияткерлік меншігі ерекше болып табылмайды.

Қазақстан Республикасында зияткерлік меншік саласындағы қылмыстың алдын алуға белгілі бір шаралар орындалады. Еліміздің зияткерлік меншікке қатынасы, тікелей,  басқа елдермен сауданың жүзеге асыруға тиімді және  көлемді әсер етеді. Осыған байланысты, құқықтық реттеу және зияткерлік шығармашылықтың құқығын қорғау ерекше мәнге ие. Зияткерлік меншіктің ешқандай қорғау жүзеге асырылмайтын елде, ескірген техника мен технологияны сатып алу ықтималдығы арттылады. Қаржылық инвестициялар, атап айтқанда олардың мөлшері мен шарттары зияткерлік меншік объектілерінің құқықтық қорғауына тәуелді.

Қазақстанда зияткерлік меншігінің құқықтарын бұзу проблемалық мәселелерді шеше алатын, нәтижелі зияткерлік меншік құқығын қорғау әлеуетті институты заңнамамен бекітілген.

Халықаралық қоғамдастықтағы әріптестік шарттарының бірі, саудада түрлі жеқілдіктер мен жәрдемақыларды, түрлі елдердің экономикасына инвестициаяларды салу, ол зияткерлік меншік құқықтарын сақтауы болып саналады.

Өз құзыреті шегінде әділет органдары, зияткерлік меншік құқықтарын қамтамасыз етуді жүзеге асырады, олардың негізгі функциясы зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы ұйымдастыруды қамтамасыз ету болып табылады.

Зияткерлік меншік құқықтық жүйені қорғау негізінде жатқан Қазақстан Республикасының негізгі құқықтық құжат — Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 5 бөлімі болып саналады.

Нарықтық экономика жағдайында зияткерлік меншік құқығы адам мен қоғамның рухани өмірінің негізін құрап, нарықтық қатынастарда тауардың ерекше түрі нысанындағы тауар айналымының объектісі ретінде қалыптасты. Заманның объективті үрдістері, ең алдымен ғылыми-техникалық прогресстің қарқынды дамуы, рухани игіліктер жаратушыларына ғана емес, сонымен қатар,  тұтынушыларға жаңа көкжиектерді ашуда.

Заңсыз зияткерлік меншік объектілерін қолданғаны үшін әкімшілік, азаматтық және қылмыстық  жауапкершілік қарастырылады.

ҚР әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 158 бабына сәйкес,  бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін немесе тауар шығарылған жердің атауын немесе біртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге арналған, олармен ұқсас белгілемелерді заңсыз пайдалану, сондай-ақ бөтен фирмалық атауды заңсыз пайдалану, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, – тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі, тауар шығарылған жер атауы немесе біртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге арналған, олармен ұқсас белгілемелер заңсыз бейнеленген тауарлар  тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Осы бапта көрсетілген құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін тәркілеу – тауар белгісінің, қызмет көрсету белгісінің, тауар шығарылған жер атауының немесе фирмалық атауының, оның қаптамасының, бланкілерінің жасалған бейнесін немесе басқа да заңсыз пайдаланылатын тауар белгісінің немесе тауар шығарылған жер атауының құжаттамасын, сондай-ақ онымен айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемені жою мүмкін болмаған жағдайда жүргізіледі. Тәркіленген тауарлар, оларды құқық иеленушіге оның өтінуі бойынша беретін жағдайларды қоспағанда, ҚР әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің көзделген тәртіппен жойылуға жатады.

ҚР-ның қылмыстық кодексінің 198 бабына сәйкес, авторлық және (немесе) сабақтас құқықтар объектiлерiн заңсыз пайдалану, сол сияқты авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектiлерiнiң контрафактiлiк даналарын өткiзу мақсатында иемдену, сақтау, алып өту немесе дайындау не авторлықты иемденiп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу – бір жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады. Дәл сол іс-әрекеттер, егер олар айтарлықтай мөлшерде жасалса немесе айтарлықтай залал не автордың немесе өзге құқық иеленушiнің құқықтарына немесе заңды мүдделерiне елеулі зиян келтiрсе не бірнеше рет жасалса, – үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; iрi мөлшерде жасалған немесе iрi залал келтiрген; адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған іс-әрекеттер – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер – үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Одан да басқа, өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, селекциялық жетістіктерге немесе интегралдық микросхемалар топологияларына құқықтарды бұзғаны үшін ҚР-ның қылмыстық кодексінің 199 бабына сәйкес, өнертабыстың, пайдалы модельдiң, өнеркәсiптiк үлгiнiң, селекциялық жетiстiктiң немесе интегралдық микросхема топологиясының мәнiн олар туралы мәлiметтер ресми түрде жарияланғанға дейiн автордың немесе өтініш берушінің келiсiмiнсiз жария ету, сол сияқты авторлықты иемденiп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу не өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi, селекциялық жетiстiктi немесе интегралдық микросхема топологиясын заңсыз пайдалану – бір жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады. Дәл сол іс-әрекеттер, егер олар айтарлықтай мөлшерде жасалса немесе айтарлықтай залал не автордың немесе өзге құқық иеленушiнің құқықтарына немесе заңды мүдделерiне елеулі зиян келтiрсе не бірнеше рет жасалса, – үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы; iрi мөлшерде жасалған немесе iрi залал келтiрген; адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған іс-әрекеттер – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер – үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ал, құқықиеленушілердің және зияткерлік меншіктің заңды иеленушілердің назарына, біздің    елімізде зияткерлік меншік құқығын қорғау үшін барлық жағдай жасалуда!

 

   Каримова А., Павлодар аудандық

   Әділет басқармасының бас маманы,

   «ҚЗО» РҚБ Павлодар  филиалының мүшесі