Тауар таңбасын тіркеу

Тауар таңбасы кәсіпорынды, соңдай-ақ оның шығарған тауарларын немесе көрсететін қызметтерін дараландыру құралы болып табылады.

Тауар таңбасы ретінде бейнелеу, сөз, әріп, цифр, көлем белгілері және өзге де белгілер немесе бір тұлғалардың тауарлары мен қызметтерін басқа тұлғалардың біртектес тауарларынан немесе қызметтерін ажыратуға мүмкіндік беретін олардың аралас үлгілері тіркелуі мүмкін. Тауар таңбасы кез келген бояулы түсте немесе бояулы түстер үйлесімінде тіркелуі мүмкін.

Тауар таңбасын тіркеу үшін сараптама жасау ұйымы «Ұлттық зияткерлік меншік институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорынға (бұдан әрі — «ҰЗМИ» РМК) қолданылып жүрген заңнамада көзделген талаптарға сай толтырылған өтінімді беру қажет.

Қазақстан Республикасы таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісіміне және Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісіміне Хаттамаға қатысушы болып табылады. «ҰЗМИ» РМК көрсетілген халықаралық шарттар аясында ДЗМҰ Халықаралық бюросына халықаралық өтінімді ресімдеуді және жолдауды жүзеге асырады.

Тауар таңбасына өтінімге сараптама жасау барысында өтінім беріліп отырған белгінің «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі — Заң) 6 және 7-баптарына сәйкестігі тексеріледі.

Заңның 6-бабына сәйкес белгі  қорғалу қабілеттігіне абсолютті негіздер бойынша тексеріледі.

Заңның 7-бабына сәйкес белгі неғұрлым ертерек басымдығы бар зияткерлік меншік объектілерімен ұқсас және араласып кеткен дәрежеге дейін ұқсастығына тексеріледі.

Өнеркәсіптік үлгіге патент алу үшін өтінімді құрастыру, ресімдеу және қарау қағидаларымен www.kazpatent.kz«ҰЗМИ» РМК сайтында, «Өтінім берушілерге», «Өнеркәсіптік үлгілер» немесе «Құқықтық база», «Бұйрықтар мен қағидалар».

ҚР аумағынан тыс тұратын жеке тұлғалар немесе шетелдік заңды тұлғалар уәкілетті органда (ҚР Әділет министрлігі) және оның ұйымдарында өтінім беруші, құқық иеленушінің, соңдай-ақ мүдделі тұлғаның құқықтарын патенттік сенім білдірілген өкілдер арқылы жүзеге асырады.

ҚР-ында тұрақты тұратын, бірақ оның аумағынан тыс жүрген жеке тұлғалар ҚР аясындағы хат алмасу үшін мекенжайды көрсете отырып, патенттік сенім білдірілген өкілдерсіз өтінім беруші, құқық иеленушінің, соңдай-ақ мүдделі тұлғаның құқықтарын жүзеге асыра алады.

ҚР-ының патенттік сенім білдірілген  өкілдерінің тізімі ҚР Әділет министрілігінің  www.adilet.gov.kz ресми сайтында, «Министрлік туралы», «Қызмет», «Зияткерлік меншік құқықтары», «ҚР патенттік сенім білдірілген өкілдері» бөлігінде орналасқан.

Тауар таңбасына құқық ҚР-ының Тауар таңбаларының мемлекеттік тізілімінде тіркелгені туралы жазбамен куәландырылады және ҚР-ының Тауар таңбаларының мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмемен расталады (www.kazpatent.kz «ҰЗМИ» РМК сайтында Өнеркәсіптік үлгілердің мемлекеттік тізілімінде («Өнеркәсіптік меншік объектілерінің мемлекеттік тізілімі» бөлігінде).

Тауар белгісінің иесі куәлікте көрсетілген тауарлар мен қызметтерге қатысты өзіне тиесілі тауар белгісін пайдалану мен оған иелік етудің айрықша құқығына ие болады. ҚР-нда қорғалатын тауар белгісін оның иесінің келісімінсіз ешкім де пайдалана  алмайды.

 

Каримова А., Павлодар аудандық

Әділет басқармасының бас маманы,

 «ҚЗО» РҚБ Павлодар  филиалының мүшесі