«Электронды үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметті электронды түрде алу туралы

 

 Ақпараттық технологиялардың арқасында біздің өмірімізге жаңа терминдер мен түсініктер кіреді. Е-үкімет саласында басты терминнің бірі — электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) термин болып табылды. Оның құжаттардың заңдық күші бар екенін сәйкестейтін және растайтын құрал ретінде пайдалану біздің өмірімізде қалыпты жағдай болып кетті. Электрондық үкіметтің порталы – www.e.gov.kz.

ЭЦҚ дегеніміз не?

Электрондық цифрлық қолтаңба – бұл электрондық құжаттың жасанды түрінен қорғау үшін арналған реквизит. ЭЦҚ қолтаңба иесін теңестіруге, сондай-ақ электрондық құжаттағы ақпаратта бұрмалау жоқтығын анықтауға мүмкіндік береді.

Электрондық цифрлық қолтаңбаның басымдылығы неде?

Электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алудың басымдылығы:

— облыс ғана емес, сондай-ақ Республика бойынша мемлекеттік органдардың виртуалдық қабылдауына өтініштерді жүзеге асырасыз;

— үйден шықпай тәулігіне 24 сағат аптасына 7 күн мемлекеттік қызметтерді ала аласыз.
— тауарлардың және қызметтердің электрондық саудада, аукциондарда және тендрларда ең тиімді баға ұсыныстарын ұсына және таңдай аласыз;

— қолжетімді түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы толық және анық ақпарат;

— кезектердің жоқтығы;

— уақытты үнемдеу, көрсетілетін қызметтің мерзімдері қысқартылады;

— сыбайлас жемқорлық тәукелдерінің жоқтығы, өйткені мемлекеттік мұрағаттармен «жеке кабинет» арқылы өзара әсер етуі;

— рәсімдердің ашықтығы, өтініші бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметті орындау барысы туралы қызмет алушыны хабардар етуі.

Ұлттық куәландырушы орталығында электрондық қолтаңбаны қалай алуға болады?

Халыққа ЭЦҚ Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығы (ҰКО) береді.

ЭЦҚ (электрондық қолтаңбаны) алу – бұл Сіздің көп уақытыңызды алмайтын, өте оңай шара. Электрондық қолтаңбаны алу үшін Ұлттық куәландыру орталығының www.pki.gov.kz «Қолтаңбаны қалай алуға болады» сайтына кіріп, нұсқаулықты орындау қажет.

Ұлттық куәландыру орталығының сертификаты бойынша электрондық қолтаңба Сізге билікпен, барлық деңгейдегі кәсіпорындар және ұйымдармен аса пайдалы қарым-қатынастарға жол ашады.

Біздің ауданымызда ЭЦҚ беру жұмыс күндері сағат 8.00-ден 19.30 дейін, демалыс-жексенбі күндері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ ұйымдастырылған, олар келесі мекенжайларда орналасқан: Павлодар қаласы Толстого көшесі, 10.

Ең басты басымдылық электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу жеңіл және ыңғайлы.

 

    Каримова А., Павлодар аудандық

  Әділет басқармасының бас маманы,

«ҚЗО» РҚБ Павлодар  филиалының мүшесі