Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік cаласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

897-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«897-1-бап. Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты бойынша зияткерлік меншік объектісін пайдалануға құқықты табыстауды тіркеу

Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген немесе халықаралық шарттарға орай тіркеусіз қорғалатын өнертабыстарды, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді, селекциялық жетістіктерді, интегралдық микросхемалар топологияларын, тауар белгілерін (қызмет көрсету белгілерін) пайдалануға құқықты табыстау сараптама ұйымында тіркелуге жатады.»;

3) 966-баптың 2-тармағының 2) тармақшасында:

«сақтай отырып» деген сөздер «сақтамай» деген сөзбен ауыстырылсын;

«, бірақ» деген сөз «және» деген сөзбен ауыстырылсын;

4) 991-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Патент алуға құқық туындайтын өнертабыстың, пайдалы модельдің, өнеркәсiптiк үлгiнің патентке қабілеттілік шарттарына қойылатын талаптар «Қазақстан Республикасының Патент Заңы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.»;

5) 998-баптың 1-тармағындағы «уәкілетті орган» деген сөздер «сараптама ұйымы» деген сөздермен ауыстырылсын;

6) 999-бапта:

1-тармақта:

бірінші абзацта:

«патенттік органға (ұйымға)» деген сөздер «сараптама ұйымына» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) және 3) тармақшалардағы «патенттік орган (ұйым)» деген сөздер «сараптама ұйымы» деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақтағы «патенттік органға (ұйымға)» деген сөздер «сараптама ұйымына» деген сөздермен ауыстырылсын;

7) 1000-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«1000-бап. Өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсiптiк үлгiге айрықша құқық беру

Өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсiптiк үлгiге айрықша құқық беру туралы шарт жазбаша нысанда жасалады. Айрықша құқық беру уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен тіркелуге жатады.

Жазбаша нысанның және (немесе) тіркеу туралы талаптың сақталмауы шарттың маңызсыздығына алып келеді.

Тіркеудің күшін жою «Қазақстан Республикасының Патент Заңы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.»;

8) 1001-баптың тақырыбы және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1001-бап. Өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi пайдалануға құқықты табыстау

  1. Өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптік үлгiнi пайдалануға лицензиялық, қосалқы лицензиялық шарттар жазбаша нысанда жасалады. Өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптік үлгiнi пайдалануға құқықты табыстау уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен тіркелуге жатады.

Жазбаша нысанның және (немесе) тіркеу туралы талаптың сақталмауы шарттың маңызсыздығына алып келеді.

Тіркеудің күшін жою «Қазақстан Республикасының Патент Заңы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.»;

9) 1002-баптың 1-тармағындағы «патенттік органына (ұйымына)» деген сөздер «сараптама ұйымына» деген сөздермен ауыстырылсын;

10) 1011-бапта:

бірінші бөліктегі «патенттік органға (ұйымға)» деген сөздер «сараптама ұйымына» деген сөздермен ауыстырылсын;

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Селекциялық жетiстiктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен селекциялық жетiстiктердiң жекелеген түрлерi үшiн патенттi қолданудың неғұрлым ұзағырақ мерзiмдерi, сондай-ақ оларды ұзарту мүмкiндiгi белгiленуi мүмкiн.»;

11) 1015-баптың 1-тармағындағы «уәкілетті мемлекеттік органға» деген сөздер «сараптама ұйымына» деген сөздермен ауыстырылсын;

12) 1020-баптың 4-тармағында:

«кәсiпкерлiк қызметті жүзеге асыратын басқа заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тауар таңбасына (қызмет көрсету таңбасына) ұқсас немесе онымен араласып кету дәрежесiне дейiн бiрдей және осындай ұқсастық пен бiрдейлiктiң» деген сөздер «басқа жеке немесе заңды тұлғаның тауар белгісімен (қызмет көрсету белгісімен) бiрдей немесе айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас болса және осындай бiрдейлiктің немесе ұқсастықтың» деген сөздермен ауыстырылсын;

«(фирмалық атау, тауар таңбасы, қызмет көрсету таңбасы)» деген сөздер «(фирмалық атау, тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі)» деген сөздермен ауыстырылсын;

«тауар таңбасына (қызмет көрсету таңбасына) құқықтық қорғау берудi жарамсыз» деген сөздер «тауар белгісіне (қызмет көрсету белгісіне) берілген құқықтық қорғауды жарамсыз» деген сөздермен ауыстырылсын;

13) 1024-баптың 1-тармағының үшінші бөлігіндегі «кәсiпкерлiк қызметті жүзеге асыратын бiр заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тауар таңбасы (қызмет көрсету таңбасы) басқа заңды тұлғаның фирмалық атауына ұқсас немесе онымен араласып кету дәрежесiне дейiн бiрдей және осындай ұқсастық пен бiрдейлiктiң» деген сөздер «бiр жеке немесе заңды тұлғаның тауар белгісі (қызмет көрсету белгісі) басқа заңды тұлғаның фирмалық атауымен бiрдей немесе айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас болса және осындай бiрдейлiктің немесе ұқсастықтың» деген сөздермен ауыстырылсын;

14) 1025-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Тауар белгісі иелерінің оны пайдалануға құқықтарын тауар белгісінің ерекшелену қабілетіне нұқсан келтіруі мүмкін талаптармен шектеуге жол берілмейді.»;

15) 1026-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«1026-бап. Қазақстан Республикасының аумағында тауар белгiсiн құқықтық қорғау

Қазақстан Республикасының аумағында құқықтық қорғау сараптама ұйымы немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа орай халықаралық ұйым тіркеген тауар белгісіне берiледi.»;

16) 1027-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Тауар белгiсiнiң басымдығы «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа орай белгiленедi.»;

2-тармақтың екінші бөлігіндегі «патенттік органға (ұйымға)» деген сөздер «сараптама ұйымына» деген сөздермен ауыстырылсын;

17) 1029-бапта:

1-тармақтағы «куәлiкте көрсетiлген барлық тауарлар мен қызмет көрсетулер сыныптарына» деген сөздер «барлық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге» деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақтағы «патенттік органда (ұйымда)» деген сөздер «сараптама ұйымында» деген сөздермен ауыстырылсын;

18) 1030-баптың 1-тармағындағы «куәлiкте көрсетiлген тауарлар мен қызмет көрсетулердiң барлық сыныптарына» деген сөздер «тіркелген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге» деген сөздермен ауыстырылсын;

19) 1031 және 1032-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«1031-бап. Тауар белгiсiне құқық беру және тауар белгісін пайдалануға құқықты табыстау

Тауар белгiсiне құқық беру туралы шарт, лицензиялық, қосалқы лицензиялық шарттар жазбаша нысанда жасалады. Тауар белгiсiне құқық беру немесе тауар белгісін пайдалануға құқықты табыстау уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен тіркелуге жатады.

Шарттың жазбаша нысанының және (немесе) тіркеу туралы талаптың сақталмауы шарттың маңызсыздығына алып келеді.

Тіркеудің күшін жою «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

1032-бап. Тауар белгiсiне құқықты бұзғаны үшін жауаптылық

  1. Тауар белгiсi иесінің құқығын бұзған тұлға бұзушылықты дереу тоқтатуға және тауар белгісі иесінің шеккен залалдарын өтеуге міндетті.
  2. Тауар белгісін немесе оған айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемені немесе жалпыға бірдей белгілі тауар белгісін пайдаланудың құқыққа сыйымдылығын айқындауға байланысты дауларды сот Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды.
  3. Тауар белгісі немесе оған айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгілеме құқық иеленушінің келісімінсіз орналастырылған тауар және оның қаптамасы контрафактілік деп танылады. Контрафактілік тауарлар және олардың қаптамалары, сондай-ақ оларды жасау үшін пайдаланылған саймандар, жабдық немесе өзге де құралдар мен материалдар осындай тауарларды айналымға енгізу қоғамдық мүдделер үшін қажет болатын және Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасының талаптарын бұзбайтын жағдайларды қоспағанда, соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде айналымнан шығарылуға және тәртіп бұзушының есебінен жойылуға жатады.
  4. Құқық иеленуші контрафактілік тауарлардан және олардың қаптамаларынан заңсыз орналастырылған тауар белгісін немесе оған айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемені алып тастауды талап етуге құқылы.
  5. Тауар белгісі иесінің құқығын бұзған тұлға жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету кезінде жұмыстарды орындаумен немесе қызметтер көрсетумен бірге жүретін материалдардан, оның ішінде құжаттамадан, жарнамадан, маңдайша жазулардан тауар белгісін немесе оған айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемені алып тастауға міндетті.
  6. Құқық иеленуші құқық бұзу фактісі дәлелденген кезде залалдарды өтеудің орнына бұзушылықтың сипатын, тауар белгісі немесе оған айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілеме құқық иеленушінің келісімімен орналастырылған біртектес (түпнұсқа) тауарлардың нарықтық құнын негізге ала отырып, бұзушыдан сот айқындайтын мөлшерде өтемақы төлеуді талап етуге құқылы.»;

20) 1033-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Тауар шығарылған жердің атауын құқықтық қорғау оны тіркеген кезде немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа орай беріледі.»;

21) 1034-баптың 3-тармағындағы «атауына бара-бар немесе ұқсас географиялық белгiлеудi ол алғаш тiркелген күнге дейiн кемiнде алты ай бұрын адал ниетпен пайдаланған тұлға патенттiк орган (ұйым) белгiлеген мерзiм iшiнде, бiрақ аталған тiркеу күнiнен бастап санағанда кемiнде жетi жыл бойы» деген сөздер «атауымен бірдей немесе ұқсас географиялық белгiлеудi алғаш тiркелген күніне дейiн кемiнде алты ай бұрын адал ниетпен пайдаланған тұлға тауар шығарылған жердiң көрсетілген атауы тіркелген күннен бастап жетi жыл бойы» деген сөздермен ауыстырылсын;

22) 1036 және 1037-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«1036-бап. Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығының қолданылу мерзімі

Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығы сараптама ұйымына өтiнiм берілген күннен бастап есептегенде он жыл бойы қолданылады.

Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығының қолданылу мерзiмi оның иесiнің соңғы қолданылу жылы iшiнде берген өтiнiші бойынша, тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын беретiн шарттар сақталған кезде он жылға ұзартылуы мүмкiн. Ұзартылу шектеусiз сан мәрте жүргiзiлуi мүмкiн.

1037-бап. Тауар шығарылған жердiң атауын құқыққа сыйымсыз пайдаланғаны үшін жауаптылық

  1. Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын бұзған тұлға бұзушылықты дереу тоқтатуға және тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығы иесінің шеккен залалдарын өтеуге міндетті.
  2. Тауар шығарылған жердiң атауын немесе оған айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемені пайдаланудың құқыққа сыйымдылығын айқындауға байланысты дауларды сот Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды.
  3. Тауар шығарылған жердiң атауы немесе оған айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгілеме құқық иеленушінің келісімінсіз орналастырылған тауар және оның қаптамасы контрафактілік деп танылады. Контрафактілік тауарлар және олардың қаптамалары, сондай-ақ оларды жасау үшін пайдаланылған саймандар, жабдық немесе өзге де құралдар мен материалдар осындай тауарларды айналымға енгізу қоғамдық мүдделер үшін қажет болатын және Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасының талаптарын бұзбайтын жағдайларды қоспағанда, соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде айналымнан шығарылуға және бұзушының есебінен жойылуға жатады.
  4. Құқық иеленуші контрафактілік тауарлардан және олардың қаптамаларынан заңсыз орналастырылған тауар шығарылған жердiң атауын немесе оған айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемені алып тастауды талап етуге құқылы.
  5. Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын бұзған тұлға жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету кезінде жұмыстарды орындаумен немесе қызметтер көрсетумен бірге жүретін материалдардан, оның ішінде құжаттамадан, жарнамадан, маңдайша жазулардан тауар шығарылған жердiң атауын немесе оған айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемені алып тастауға міндетті.
  6. Құқық иеленуші құқық бұзу фактісі дәлелденген кезде залалдарды өтеудің орнына бұзушылықтың сипатын, тауар шығарылған жердiң атауы немесе оған айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілеме құқық иеленушінің келісімімен орналастырылған біртектес (түпнұсқа) тауарлардың нарықтық құнын негізге ала отырып, бұзушыдан сот айқындайтын мөлшерде өтемақы төлеуді талап етуге құқылы.».

 

Каримова А., Павлодар аудандық

Әділет басқармасының бас маманы,

                                                     «ҚЗО» РҚБ Павлодар  филиалының мүшесі