ӘДІЛЕТ ОРГАНДАРЫ ҰСЫНАТЫН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ

Әділет органдары ұсынатын мемлекеттік қызметтердің түрлері:

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу.

Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу.

Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру.

Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу.

Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру.

Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тiркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару.

Қазақстан Республикасының Әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою.

 

Каримова А., Павлодар аудандық

Әділет басқармасының бас маманы,

«ҚЗО» РҚБ Павлодар  филиалының мүшесі