Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасы «Бизнес Мектеп» жобасы бойынша іске асырылуын хабарлайды

«Бизнес-мектеп» құрауышы моноқалалардағы, шағын қалалар мен аудан орталықтарындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа білім беру жобаларын ұсынуға бағытталған.

«Бизнес-мектеп» құрауышының шеңберіндегі оқыту жобалары:
1) «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша кәсіпкерлік қызметті жүргізу негіздерін қысқа мерзімді оқытуды (2 күн);
2) «Бизнес-Өсу» жобасы бойынша кәсіпкерлік қызметті дамытудың функционалдық бағыттары бойынша қысқа мерзімді оқытуды (оқыту күнтізбелік 2-5 күн аралығында оқытудың тақырыбына байланысты жүзеге асырылады);
3) тәлімгерлік қағидаттарын қолдана отырып, жобалық оқытуды ұсынуды көздейді (жобаға байланысты үш аптадан 2 айға дейін жүзеге асырылады).
«Бизнес-мектеп» құрауышының жобалары бойынша білім алуға өтініштерді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халық Павлодар облысы КҚКО, КҚО береді.

Оқыту өтеусіз негізде ұсынылады;

`          Өтініштер Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында қабылданады: Павлодар қаласы, Луговая к-сі, 16, 3 қабат, байланыс телефоны 87182660311 (іш.5517, 5554).