Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасы «Жас кәсіпкер» оқыту жобасының іске асырылатындығын хабарлайды.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек»  бағдарламасының аясында Павлодар облысының келесі қалалары мен аудандарында «Жас кәсіпкер» оқыту жобасы іске асырылады: Павлодар ауданы.

Кәсіпкерлер палатасы «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша бірінші ағымда оқуға үміткерлер үшін өтініштерді қабылдау жүргізеді. Оқытудың қатысушылары ретінде жұмыссыз жастар (жұмыспен қамту орталығында тіркелудің қажеті жоқ), жас отбасылардың мүшесі және кәсіпкерлік бастамасы бар 29 жасқа дейінгі еңбекке жарамды мүгедектер бола алады.

«Жас кәсіпкер» жобасы бойынша оқыту тегін болып табылады және оқуды аяқтаған/оқуға қатысқаны туралы сертификат алған қатысушылар бір жолғы шәкіртақымен қамтамасыз етіледі.

Оқуға үміткерлер келесі құжаттардың көшірмелерін алып, тіркелген мекен-жайы бойынша жұмыспен қамту орталығына, Өңірлік кәсіпкерлер палатасына жүгіне алады: жеке куәлігінің көшірмесі, мекенжай анықтамасы және өтініш. Тестілеу 2019 жылғы 22 шілдеде өткізіледі. Оқу 2019 жылдың 24 шілдеде басталады.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының мекен-жайлары:

  1. Павлодар қ., Луговая к-сі 16, тел.87182660311 (вн.5522)

 

Өтініштерді келесі мекенжай бойынша Өңірлік кәсіпкерлер Палатасына беруге болады: Павлодар қаласы, Луговая көшесі, 16, 3 қабат, 301 кабинет анықтама үшін телефон 66-03-11, ішкі 5522.