WhatsApp ашық желі

Құрметті Павлодар ауданының тұрғындары!

Қазір Павлодар ауданының әрбір тұрғыны ауданымыздың мәселелерін шешуге үлесін қоса алады. Ол үшін ұялы телефоныңызға 87775450825 нөмірін енгізіп, WhatsApp көмегімен аудан әкімі Александр Бабенкоға тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мәселелер туралы  хабарлау керек. Мысалы, қардан тазартылмаған кіре-беріс және кентіші жолдарының фотосын жіберуге немесе коммуналдық қызметтердің кемшіліктерін атауға болады. Әрбір хабарлама жіберуші сигналының аудан әкіміне жеткізілетініне сенімді бола алады. Аса өзекті мәселелер бойынша жедел әрекет ету шаралары қабылданатын болады.